Ескерту. Қаулының кіріспесінде және бүкіл мәтін бойынша "Таран ауданының", "Таран ауданы" сөз тіркестері "Бейімбет Майлин ауданының", "Бейімбет Майлин ауданы" деп ауыстырылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 03.12.2020 № 297 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69-баптарына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Транстелеком" акционерлік қоғамына Бейімбет Майлин ауданының аумағында орналасқан жалпы көлемі 26,00 гектар жер учаскелерінде "Қарталы станциясы бағытындағы Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекарасына дейін Тобыл-Ақсу учаскесінде талшықты-оптикалық байланыс желісі мен көліктік және транзиттік желіні дамытудың "толық аяқталған" аппараттық-бағдарламалық кешенінің құрылысы" объектісі бойынша талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу мен пайдалану үшін қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариалау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.