Әкімдіктің 2019 жылғы 27 наурыздағы № 67 "Транстелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 297 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 желтоқсанда № 9611 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 29 "Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы" Жарлығына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әкімдіктің "Транстелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы" 2019 жылғы 27 наурыздағы № 67 қаулысына (2019 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 8319 болып тiркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының кіріспесінде және бүкіл мәтін бойынша "Таран ауданының", "Таран ауданы" сөз тіркестері "Бейімбет Майлин ауданының", "Бейімбет Майлин ауданы" деп ауыстырылсын.

      2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К. Муржакупов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады