"Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 29 Жарлығына сәйкес ауданның мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың "Таран ауданының 2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 (2018 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8184 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Бейімбет Майлин ауданының 2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы";
көрсетілген шешімнің кіріспесінде "аудандық мәслихат" сөз тіркесі "ауданның мәслихаты" деп ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің 5-тармағында "Таран ауданының әкімдігі" сөз тіркесі "Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі" деп ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің 8, 11-тармақтарында "Таран ауданының" сөз тіркесі "Бейімбет Майлин ауданының" деп ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің 6-қосымшасының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"2019 жылға арналған Бейімбет Майлин ауданының ауылдар, ауылдық округтер арасында жергілікті өзін-өзі басқару органдарға трансферттерді бөлу".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ж. Курмангалиев |
Аудан мәслихатының хатшысы | С. Сапабеков |