Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 15.05.2020 № 383 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 29 Жарлығына сәйкес ауданның мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" 2014 жылғы 30 қазандағы № 235 шешіміне (2014 жылғы 27 қарашада "Маяк" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5164 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесінде "аудандық мәслихат" сөз тіркесі "ауданның мәслихаты" деп ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің 2-тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүргізеді;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ж. Курмангалиев |
Аудан мәслихатының хатшысы | С. Сапабеков |