Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 2020 жылғы 15 мамырдағы № 383 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 мамырда № 9198 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 2021 жылғы 15 қазандағы № 55 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 15.10.2021 № 55 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес ауданның мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі - кемтар балалар) жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындары (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) ай сайын алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынсын.

      2. Мыналар:

      1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүргізеді;

      2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) беріледі;

      3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды:

      өтінішті;

      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      психологиялық - медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысын;

      мүгедектігі туралы анықтаманы;

      банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжатты;

      оқу орнының мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын анықтамасын ұсынады.

      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады;

      4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін төлемақылар тиісті оқу жылы ішінде өтініш берген айынан бастап тағайындалады және әр кемтар балаға ай сайын төленеді деп белгіленсін;

      5) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мынадай мән-жайлар туындаған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады:

      алушының және (немесе) баланың қайтыс болуы;

      алушының және (немесе) баланың ауданнан тыс тұрақты тұруға кетуі;

      баланың толық мемлекет қарауына берілуі;

      алушының жәрдемақының (жәрдемақылардың) заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған дәйексіз мәліметтер табыс етуі;

      Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе құқықтарын шектеу, бала асырап алуды жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету;

      6) артық төленген сомалар - ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда сот шешімінің негізінде сот тәртібімен қайтарылуға жатады.

      3. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Н. Руднева
      Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының хатшысы С. Сапабеков

  Мәслихаттың
2020 жылғы 15 мамырдағы
№ 383 шешіміне
қосымша

Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Мәслихаттың "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" 2014 жылғы 30 қазандағы № 235 (2014 жылғы 27 қарашада "Маяк" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5164 болып тіркелген) шешімі;

      2. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2014 жылғы 30 қазандағы № 235 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 24 (2016 жылғы 2 маусымда "Маяк" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6373 болып тіркелген) шешімі;

      3. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2014 жылғы 30 қазандағы № 235 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 23 қыркүйектегі № 311 (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 30 қыркүйекте жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8678 болып тіркелген) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады