Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 23.01.2020 № 352 шешімімен (халық саны екі мың адамнан көп кент, ауылдық округтер үшін 01.01.2018 бастап, халық саны екі мың адам және оданда азырақ ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы" 2019 жылғы 24 маусымдағы № 29 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы мен Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 20 және Қостанай облысы мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 349 "Қостанай облысы Таран ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы" бірлескен қаулысы және шешіміне сәйкес ауданның мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың "Таран ауданы Таран ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 17 тамыздағы № 213 (2018 жылғы 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8031 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбында және барлық мәтін бойынша "Таран ауданы Таран ауылдық округінің", "аудандық мәслихат", "аудандық мәслихатының" сөз тіркестері "Бейімбет Майлин ауданы Әйет ауылдық округінің", "ауданның мәслихаты", "аудандық мәслихат" деп ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ж. Курмангалиев |
Аудан мәслихатының хатшысы | С. Сапабеков |