Мәслихаттың 2018 жылғы 4 маусымдағы № 207 "Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2019 жылғы 15 қарашадағы № 320 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 22 қарашада № 8769 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 343 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 17.01.2020 № 343 шешімімен (халық саны екі мың адамнан көп ауылдық округ үшін 01.01.2018 бастап және халық саны екі мың адам және одан аз ауылдар, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 3-1-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 болып тіркелген) сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 4 маусымдағы № 207 шешіміне (2018 жылғы 25 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7866 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Регламенттің 4-тармағы он бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессия төрайымы В. Лазарева
      Аудандық мәслихаттың хатшысы А. Бараншина

О внесении изменения в решение маслихата от 4 июня 2018 года № 207 "Об утверждении Регламента собрания местного сообщества Узункольского сельского округа Узункольского района Костанайской области"

Решение маслихата Узункольского района Костанайской области от 15 ноября 2019 года № 320. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 22 ноября 2019 года № 8769. Утратило силу решением маслихата Узункольского района Костанайской области от 17 января 2020 года № 343

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Узункольского района Костанайской области от 17.01.2020 № 343 (вводится в действие для сельского округа с численностью населения более двух тысяч человек с 01.01.2018 и для сел, сельских округов с численностью населения две тысячи и менее человек с 01.01.2020).

      В соответствии с пунктом 3-1 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 7 августа 2017 года № 295 "Об утверждении Типового регламента собрания местного сообщества" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 15630) Узункольский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата "Об утверждении Регламента собрания местного сообщества Узункольского сельского округа Узункольского района Костанайской области" от 4 июня 2018 года № 207 (опубликовано 25 июня 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан, зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7866) следующее изменение:

      абзац одиннадцатый пункта 4 Регламента, утвержденного указанным решением изложить в новой редакции:

      "внесение предложений по назначению руководителей государственных учреждений и организаций, финансируемых из местного бюджета и расположенных на соответствующих территориях;".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель внеочередной сессии В. Лазарева
      Секретарь районного маслихата А. Бараншина