Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облыстық мәслихатының 22.04.2021 № 21/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 маусымдағы "Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы" № 236/22 шешіміне (Нормативтік кұқықтық актілеріді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5997 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында 1 жолы "Опсамид (Мацитентан 10 мг)" препаратымен толықтырылсын және 10 жолымен келесі мазмұнында толықтырылсын:
"
10 | Идиопатиялық миелофиброз |
Препарат: |
".
2. Осы шешімнің орындалуын облыстық мәслихатының бақылау әлеуметтік және мәдени дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Бойчин |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | Б. Бексейітова |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Павлодар облысының | |
денсаулық сақтау басқармасы" | |
мемлекеттік мекемесінің басшысы | О. С. Мұқашев |
2019 жылғы "15" наурыз |