Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 маусымдағы № 236/22 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 20 маусымда № 5997 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 21/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облыстық мәслихатының 22.04.2021 № 21/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспесі жаңа редакцияда - Павлодар облыстық мәслихатының 21.08.2020 № 495/42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде облыстық бюджет қаражаты есебінен тегін дәрілік заттар, мамандандырылған емдік өнімдер, медициналық мақсаттағы бұйымдар қосымша ұсынылсын.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Павлодар облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылған деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Сыздықов
      Облыстық мәслихаттың хатшысы Б. Бексейітова
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Павлодар облысының
      денсаулық сақтау басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы О. С. Мұқашев
      2018 жылғы "14" маусым

  Павлодар облыстық
мәслихатының 2018 жылғы 14
маусымдағы № 236/22 шешіміне
1 қосымша

Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық
емделу кезінде облыстық бюджет қаражаты есебінен тегін
дәрілік заттар, мамандандырылған емдік өнімдер,
медициналық мақсаттағы бұйымдар

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерістер енгізілді - Павлодар облыстық мәслихатының 26.09.2018 № 262/24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2019 № 335/29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.11.2019 № 416/35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.03.2020 № 448/38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 1-қосымша 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22-тармақтарымен толықтырылды - Павлодар облыстық мәслихатының 21.08.2020 № 495/42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

Аурудың атауы

Дәрілік заттардың, мамандандырылған емдік өнімдердің, медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауы

1

Өкпелік гипертензия

Препараттар:
"Бозентан";
"Риоцигуат";
"Илопрост";
"Опсамид (Мацитентан 10 мг)".

2

Эпилепсия

Препарат: "Кеппра" (Леветирацетам).

3

Муковисцидоз

Препараттар:
"Колистин" (Колистиметат);
"Тоби" (Тобрамицин).
Мамандандырылған емдік өнімдер:
"Нутрикомп дринк плюс";
"Нутриэнт" стандарт.

4

Бастапқы иммун тапшылығы

Препарат: Интерферон альфа - 1 b - "Ингарон".

5

Туа біткен буллезді эпидермолиз

"ATRAUMAN AG" - күміспен зарарсыздандырылған жақпа майлы таңғыш;
"MEDICOMP Steril" - зарарсыздандырылған салфетка;
"PEHA-CREPP" - орамасыз бекіткіші бар дәкеден жасалған таңғыш;
"Peha-haftLfee" - бекіткіші бар дәкеден жасалған таңғыш;
"STULPA Fix" - торлы түтікті дәкеден жасалған таңғыш;
"ROLTA-SOFT" - мақталы жұмсақ зарарсызданбаған таңғыш;
"MENALIND" - қорғанысты сабын-спрей;
"MENALIND" - қорғанысты көбікше (протектор);
"MENALIND" - ваннаға арналған көбікше;
"Mepitel" (Safetacmepitel) - жабыстырғыш;
"Mepilex" (MepilexLite) - жұмсақ силиконнан жасалған сіңіргіш таңғыш;
Mepilex" (MepilexTransfer) - жұмсақ силиконнан жасалған сіңіргіш таңғыш;
"Mepitac" - силикон жабындысымен жабыстырғыш;
"Воскопран" - залалсызданған орама;
"Педиашур - Малоежка" - арнайы тағам;
"Октенидол" - су;
"GRASSOLIND" - майлы залалсызданған орама;
"Бепантен" - сыртқы қолдануға арналған жақпа май;
"Банеоцин" - ұнтақ.

6

Идиопатиялық апластикалық анемия

Препарат: "Такролимус".

7

В-жасушалық созылмалы лимфолейкоз СД 20+П-сатылы

Препарат: "Ибрутиниб".

8

Вегенер Гранулемотозы

Препарат:
"Ритуксимаб (Мабтера)".

9

Идиопатиялық өкпе фиброзы

Препарат:
"Пирфенидон (Эсбриет)".

10

Идиопатиялық миелофиброз

Препарат:
"Руксолитиниб (Джакави)".

11

Көмейдің (тарылуы) стенозы

"Колистиметат натрия";
"Будесонид";
"Сальбутамол";
"Вакуумдық бақылаумен аспирациялық катетер";
"Жылу - ылғалды алмастырғыш";
"Саусақтық пульсоксиметрі";
"Дәке тампондары";
"Йод - повидоны";
"0.9% Натрий хлориді изотендік ерітінді";
"Спирттік сүлгілер";
"5 мл шприцтер".

12

Целиакия (глютендік энтеропатия)

"Глютенсіз ұн";
"Глютенсіз қоспа";
"Глютенсіз вафли (кекстер)";
"Глютенсіз печенье";
"Глютенсіз макарондар";
"Глютенсіз томат тұздығы";
"Глютенсіз йогурт".

13

Сигмотүрді ішектің стенозы (Қысқа ішек синдромы)

Медициналық бұйымдар:
"ldH(bY'3140HHaEklHMInfusomat Space ИпеТуре IV — Standart REF";
"Интрапур Липид Неонат инфузиялық фильтрі";
"0riginal Perfusor-LeitungLuer Lock ұзартқышы";
"Инстоплер - инъекциялық мембранасы бар қақпақша";
"Дәрі-дәрмектерді бірнеше мәрте жинақтауға арналған жүйе бактерияға қарсы сүзгіш";
"1 мл шприцтер";
"3 мл шприцтер";
"10 мл шприцтер";
"20 мл шприцтер";
"50 мл шприцтер";
"Инъекцияға арналған бірреттік инелер";
"Құтыларды жууға арналған NaCl 09 0/0 көлемді ВГ зарасыздандырылған шприці";
"Орталық катетерге арналған қабыршақты ашық таңғыш";
"Гипоаллергендік бекітпелі пластыр";
"Тегадерм катетерін реттейтін зарарсыздандырылған пластыр";
"Дозаторымен сыртқы қолданысқа арналған құрамында спирті бар антисептик";
"Хлоргексидин сыртқы қолданысқа арналған ерітінді";
"Зарасыздандырылған сүлгілер";
"Зарасыздандырылған қолғаптар";
"Зарасыздандырылмаған қолғаптар";
"Өзі желімденетін зарасыздандырылған жайма";
"Хирургиялық бетперде";
"Бірреттік жаймалар";
"Хирургиялық шапкалар";
"Тікішек зонды".
Препараттар:
"N4 оликлиномелі".
Инфузияға арналған ерітінді:
"Тиамин мононитраты";
"Рибофлавин натрий фосфат дигидрат";
"Никотинамид";
"Пиридоксин гидрохлориді";
"Пантотенат натрийі";
"Натрий аскорбаты";
"Биотин";
"Фолий қышқылы";
"Цианокобаламин";
"Солвит".
Ас қорыту жолдарынан тыс енгізуге арналған майда еритін дәрумендер:
"Инфузияға арналған эмульсия";
"Ретинол пальмитаты";
"Фитоменадион";
"Эргокальциферол";
"Альфа-токоферол".
Инфузияға арналған ерітінді:
"Хром хлорид гексагидраты";
"Меди хлорид дигидраты";
"Темір хлорид гексагидраты";
"Марганец хлорид тетрагидраты";
"Калий йодиді";
"Глюкоза (Декстроза) немесе Глюкостенил";
"Стерофундин";
"Натрий хлориді";
"Нутрилон Пепти";
"Гастро, Пепти аминқышқылдары";
"Циклотауролидин, цитратом 494, бар гепари катетерлердің жабылуына арналған ерітінді";
"Урсодезоксихолды қышқыл";
"Адеметеонин лиофилизат".

14

Менингоэнцефалиттен кейінгі салдары, екінші реттік гидроцефалия

"NAN" балалар тағамы қоспа

15

Бұлшықет дистониясы синдромы, 1 дәрежелі гипотрофия

"Nestogen -3" балалар тағамы қоспа

16

Қатты және жұмсақ таңдай жарасы

Пребиотиктар қосылған құрғақ сүт сусыны "Балалар сүті 4" Малютка"

17

Балалар милық салдануы, менингоэнцефалиттен кейінгі салдары

"Нутрикомп дринк"; "Nestogen -4" балалар тағамы қоспа

18

Аноксикалық бас мидың зақымдануы

"Nestogen -2" балалар тағамы қоспа

19

Қояншықтық энцефалопатия, тубероздық склероз, симптомдық қояншық, нейроинфекциямен ауырғаннан кейінгі салдары, балалар милық салдануы, түйілу тетрапарезі, Веста синдромы, полиморфизмді талмасы бар құрылымдық қояншық, құрылымдық қояншық, микроцефалия

"Вигабатрин (Сабрил)"; "Этосуксимид (Суксилеп)"; "Перампанел ( Файкомпа)"; "Клобазам (Фризиум)"; "Сультиам"

20

Ишемиялық түрі бойынша ми қан айналымының жіті жеткіліксіздігі

"Клоназепам"

21

GIII бас мидың самайлық үлесінің анопластикалық олигодендроглиомасы

"Ломустин";
"Прокарбазин (Натулан)"

22

Дюшеннің бұлшықет дистрофиясы

"Этеплирсен (Экзондис 51)"

  Павлодар облыстық
мәслихатының 2018 жылғы 14
маусымдағы № 236/22 шешіміне
2 қосымша

Павлодар облыстық мәслихатының
күші жойылған кейбір шешімдерінің тізімі

      1. Павлодар облыстық мәслихатының 2013 жылғы 20 ақпандағы "Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы" № 135/15 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3486 болып тіркелген, 2013 жылғы 2 сәуірде "Звезда Прииртышья", "Сарыарқа Самалы" газеттерінде жарияланған).

      2. Павлодар облыстық мәслихатының 2014 жылғы 20 тамыздағы "Амбулаториялық емделу кезінде дәрі-дәрмектерді қосымша ұсыну туралы" № 287/34 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4020 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 қыркүйекте "Звезда Прииртышья", "Сарыарқа Самалы" газеттерінде, 2014 жылғы 19 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Павлодар облыстық мәслихатының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы "Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 20 тамыздағы "Амбулаториялық емделу кезінде дәрі-дәрмектерді қосымша ұсыну туралы" № 287/34 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 310/37 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4228 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 желтоқсанда "Звезда Прииртышья", "Сарыарқа Самалы" газеттерінде, 2014 жылғы 30 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. Павлодар облыстық мәслихатының 2016 жылғы 15 сәуірдегі "Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 20 тамыздағы "Амбулаториялық емделу кезінде дәрі-дәрмектерді қосымша ұсыну туралы" № 287/34 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 26/2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5109 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 мамырда "Регион.kz" газетінде, 2016 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрде эталондық бақылау банкiнде, 2016 жылғы 16 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      5. Павлодар облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 маусымдағы "Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 20 тамыздағы "Амбулаториялық емделу кезінде дәрі-дәрмектерді қосымша ұсыну туралы" № 287/34 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 129/14 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5549 болып тіркелген, 2017 жылғы 4 шілдеде "Звезда Прииртышья", "Сарыарқа Самалы" газеттерінде, 2017 жылғы 10 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрде эталондық бақылау банкiнде жарияланған).

      6. Павлодар облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 маусымдағы "Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 20 ақпандағы "Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы" № 135/15 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 130/14 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5548 болып тіркелген, 2017 жылғы 4 шілдеде "Звезда Прииртышья", "Сарыарқа Самалы" газеттерінде, 2017 жылғы 10 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрде эталондық бақылау банкiнде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады