Павлодар облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2019 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері туралы

Павлодар облыстық мәслихатының 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 380/34 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 14 қазанда № 6575 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 569-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 38-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы" № 223 бұйрығына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Павлодар облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2019 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.

      2. Осы шешімінің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Е. Арынов
      Облыстық мәслихаттың хатшысы Б. Бексейітова

  Павлодар облыстық
мәслихатының
2019 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 380/34 шешімімен
бекітілген

Павлодар облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін
2019 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері

Р/с №

Арнайы су пайдалану түрлері

Өлшем бірлігі

Төлемақы мөлшерлемелері, теңге

1

2

3

4

1

Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер

1000 текше метр

128,46

2

Өнеркәсіп, жылу энергетикасын есептегенде

1000 текше метр

738,16

3

Ауыл шаруашылығы

1000 текше метр

207,99

4

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

1000 текше метр

207,99

5

Су көліктері

1000 тонна шақырым

28,54


О ставках платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников Павлодарской области на 2019 год

Решение маслихата Павлодарской области от 27 сентября 2019 года № 380/34. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 14 октября 2019 года № 6575

      В соответствии со статьей 569 Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)", подпунктом 5) статьи 38 Водного кодекса Республики Казахстан от 9 июля 2003 года и приказом исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 223 "Об утверждении методики расчета платы за пользование водными ресурсами поверхностных источников", Павлодарский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые ставки платы за пользование водными ресурсами поверхностных источников Павлодарской области на 2019 год.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию областного маслихата по вопросам экологии и охраны окружающей среды.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Е. Арынов
      Секретарь областного маслихата Б. Бексеитова

  Утверждены
решением Павлодарского
областного маслихата
от 27 сентября 2019 года
№ 380/34

Ставки платы
за пользование водными ресурсами из поверхностных
источников Павлодарской области на 2019 год

№ п/п

Виды специального водопользования

Единица измерения

Ставки платы, тенге

1

2

3

4

1

Жилищно-эксплуатационные и коммунальные услуги

1000 кубических метров

128,46

2

Промышленность, включая теплоэнергетику

1000 кубических метров

738,16

3

Сельское хозяйство

1000 кубических метров

207,99

4

Прудовые хозяйства, осуществляющие забор воды из водных источников

1000 кубических метров

207,99

5

Водный транспорт

1000 тонна километр

28,54