Павлодар қаласы аумағында бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2019 жылғы 30 мамырдағы № 382/52 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 6 маусымда № 6405 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 570/75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 08.01.2021 № 570/75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар қаласы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес қосымша реттелсін.

      2. Павлодар қалалық мәслихатының 2005 жылғы 23 қазандағы "Митингілер, шерулер, пикеттер, бейбіт жиналыстар мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" № 88/18 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12-1-47 болып тіркелген, 2005 жылғы 24 қазандағы № 43/475 "Версия" газетінде, 2005 жылғы 27 қазандағы № 121 "Сарыарқа самалы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың азаматтардың құқықтарын және заңдылықтарды сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      қалалық мәслихат
      хатшысының міндетін атқарушы А. Оспанов

  Павлодар қалалық
мәслихатының
2019 жылғы "30" мамырдағы
№ 382/52 шешіміне
қосымша

Павлодар қаласы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер,
пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша реттелген тәртібі

      1. Осы Павлодар қаласы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңына сәйкес әзірленді.

      2. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу үшін "Павлодар қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне өтініш беріледі.

      3. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтінішті он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматтарының уәкілетті еңбек ұжымдары, қоғамдық бірлестіктері немесе жекелеген топтары береді.

      4. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтініш оларды өткізудің белгіленген күніне дейін он күннен кешіктірмей жазбаша нысанда беріледі. Өтініште іс-шараның немесе қозғалыс бағытының мақсаты, нысаны, өткізу орны, оның басталу және аяқталу уақыты, қатысушылардың болжамды саны, уәкілетті органдардың (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртіпті сақтауға жауапты адамдардың тегі, аты, әкесінің аты, олардың тұрғылықты жері және жұмыс (оқу) орны, өтініш берілген күні көрсетіледі. Өтініш беру мерзімі "Павлодар қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде тіркелген күннен бастап есептеледі.

      5. Павлодар қаласының әкімдігі өтінішті қарайды және уәкілетті органдарға (ұйымдастырушыларға) өтініште көрсетілген іс-шараны өткізу уақытына дейін бес күннен кешіктірмей қабылданған шешім туралы хабарлайды.

      6. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу туралы өтініш беру кезінде осы Қосымша тәртіптің 4-тармағының талаптары сақталмаған жағдайда, Павлодар қаласының әкімдігі жаңа өтініш беру арқылы жол берілген бұзушылықтарды жою туралы ұсыныспен ресми жауап береді. Жаңа өтінішті қарау мерзімі ол түскен сәттен бастап есептеледі.

      7. Павлодар қаласының әкімдігі басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ көліктің, инфрақұрылым объектілерінің қалыпты жұмыс істеуін, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында қажет болған жағдайда өтініш білдірушілерге іс-шараны өткізудің баламалы орындарын ұсынады.

      8. Бас тартылған жағдайда ұйымдастырушыларға барлық дайындық рәсімдерін тез арада тоқтату жөніндегі шараларын қабылдау және бұл жөнінде әлеуетті қатысушыларды тиісті түрде хабардар ету көрсетіледі.

      Павлодар қаласы әкімдігінің шешіміне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған тәртіпте шағым жасалуы мүмкін.

      9. Павлодар қаласы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер өткізу үшін келесі орындар белгіленсін":

      1) Ю. Гагарин атындағы саябақ (Қамзин көшесі-Академик Шөкин көшесі-Циолковский көшесі-Ворушин көшесі);

      2) Конституция алаңы;

      3) Естай атындағы Мәдениет сарайы (Конституция алаңы, 1).

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 25.12.2019 № 446/61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      10. Павлодар қаласы аумағында шерулер мен демонстрациялар өткізу үшін келесі бағыттар белгіленсін:

      1) Торайғыров көшесінен Академик Сәтбаев көшесі бойымен Естай көшесіне дейін;

      2) Нұрсұлтан Назарбаев даңғылынан Лермонтов көшесі бойымен Набережная көшесіне дейін;

      3) Естай атындағы Мәдениет сарайынан Конституция алаңы көшесімен Астана көшесіне дейін, Астана көшесі бойымен Лермонтов көшесіне дейін, Лермонтов көшесі бойымен Академик Сәтбаев көшесіне дейін, Академик Сәтбаев көшесі бойымен Кривенко көшесіне дейін;

      4) Короленко көшесінен Кривенко көшесі бойымен 1 Май көшесіне дейін, 1 Май көшесі бойымен Қайырбаев көшесіне дейін.

      11. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу кезінде уәкілетті органдар (ұйымдастырушылар), сондай-ақ өзге де қатысушылар қоғамдық тәртіпті сақтауға міндетті.

      12. Іс-шараны ұйымдастырушылар мен қатысушыларға:

      1) көлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі жасауға;

      2) елді мекеннің инфрақұрылым объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуі үшін кедергі жасауға;

      3) Павлодар қаласы әкімдігінің келісімінсіз киіз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар орнатуға;

      4) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына зиян келтіруге;

      5) адамдардың өмірі мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншігіне материалдық залал келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін суық, атыс қаруын және өзге де қаруды, сондай-ақ арнайы дайындалған немесе бейімделген заттарды өзімен бірге алып жүруге;

      6) іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар өкілдерінің қызметіне кез келген нысанда араласуға;

      7) алкогольдік және есірткілік масаң күйде қатысуға тыйым салынады.

      13. Жиналысты, митингті, шеруді, пикетті және демонстрацияны өткізу орындарында:

      1) алкоголь ішімдіктерін ішуге, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды пайдалануға;

      2) транспаранттарды, ұрандарды, қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға шақырулары бар өзге де материалдарды (көзбен шолу, аудио және бейне), көпшілік алдында сөз сөйлеуді, сондай-ақ біреулердің атына тіл тигізуді пайдалануға жол берілмейді.

      14. Пикеттер өтініште көрсетілген мақсаттарға сәйкес белгіленген мерзімде және келісілген жерде өткізілуі тиіс.

      15. Пикеттеу кезінде:

      1) пикеттелетін объектіде орналасуға (тұруға, отыруға);

      2) көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;

      3) пикет тақырыбына сәйкес қысқа ұрандарды, слогандарды айғайлап айтуға рұқсат етіледі.

      16. Павлодар қаласының әкімдігі бір күнде және уақытта бір жерде үш жалғыз пикеттен аспайтын пикеттерді өткізуге рұқсат бере алады. Әр түрлі жалғыз пикеттердің қатысушылары бір-біріне қатысты кемінде елу метр қашықтықта орналасуы немесе тікелей көріну шегінде болуы тиіс.

      17. Пикетті өткізу өзге нысанға (митинг, жиналыс, шеру, демонстрация) өзгерген жағдайда белгіленген тәртіпте Павлодар қаласы әкімдігінің рұқсатын алу қажет.

      18. Павлодар қаласының әкімдігі, егер олардың мақсаты нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік, діни төзбеушілікті, тектік-топтық ерекшелікті, конституциялық құрылысты күштеп құлатуға, республиканың аумақтық тұтастығына қол сұғуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының және өзге де нормативтік актілерінің басқа да ережелерін бұзуға немесе оларды өткізу қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін болса, жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрациялар өткізуге тыйым салады.

      19. Халықтың қорғаныс қабілетін, тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарда (сумен, электр энергиясымен, жылумен және басқа да энергия тасымалдаушылармен жабдықтау), денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінде бұқаралық іс-шаралар өткізуге жол берілмейді.

      20. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар Павлодар қаласы әкімдігі өкілінің талабы бойынша, егер:

      1) өтініш берілмесе;

      2) тыйым салу туралы шешім қабылданса;

      3) оларды өткізу тәртібі бұзылған болса;

      4) азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнсе;

      5) қоғамдық тәртіп бұзылса сөзсіз тоқтатылуы тиіс.

      21. Павлодар қаласы әкімдігі өкілінің заңды талаптарын орындаудан бас тартқан жағдайда, оның нұсқауы бойынша полиция басқармасы жиналысты, митингіні, шеруді, пикетті және демонстрацияны тоқтату бойынша қажетті шараларды қабылдайды.

      22. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізудің белгіленген тәртібін бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      23. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу кезінде олардың қатысушыларымен азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге, мемлекетке келтірілген материалдық залал заңда белгіленген тәртіппен өтелуге жатады.

      24. Қосымша пайда болған барлық шығындарды, оның ішінде қоғамдық тәртіпті сақтау, үй-жайларды беру, жиналысты, митингіні, шеруді, пикетті және демонстрацияны өткізу орындарын санитарлық тазалау, жарықтандыру және радиоландыру шығындарын олардың ұйымдастырушылары өтейді.

О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории города Павлодара

Решение маслихата города Павлодара Павлодарской области от 30 мая 2019 года № 382/52. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 6 июня 2019 года № 6405. Утратило силу решением Павлодарского городского маслихата Павлодарской области от 8 января 2021 года № 570/75 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу решением Павлодарского городского маслихата Павлодарской области от 08.01.2021 № 570/75 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 10 Закона Республики Казахстан от 17 марта 1995 года "О порядке организации и проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Республике Казахстан", подпунктом 4) пункта 2 статьи 46 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", Павлодарский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Дополнительно регламентировать порядок проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории города Павлодара согласно приложению к настоящему решению.

      2. Признать утратившим силу решение Павлодарского городского маслихата от 23 октября 2005 года № 88/18 "О дополнительном регламентировании порядка проведения митингов, шествий, пикетов, мирных собраний и демонстраций" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12-1-47, опубликовано в газете "Версия" от 24 октября 2005 года № 43/475, в газете "Сарыарқа самалы" от 27 октября 2005 года № 121).

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию городского маслихата по соблюдению законности и прав граждан.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии,
      исполняющий обязанности
      секретаря городского маслихата А. Оспанов

  Приложение
к решению Павлодарского
городского маслихата
от "30" мая 2019 года № 382/52

Дополнительный регламентированный порядок проведения мирных собраний,
митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории города Павлодара

      1. Настоящий дополнительный порядок проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории города Павлодара разработан в соответствии с Законом Республики Казахстан от 17 марта 1995 года "О порядке организации и проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Республике Казахстан".

      2. Для проведения собрания, митинга, шествия, пикета или демонстрации подается заявление в государственное учреждение "Аппарат акима города Павлодара".

      3. Заявление о проведении собрания, митинга, шествия, пикета или демонстрации подают уполномоченные трудовых коллективов, общественных объединений или отдельных групп граждан Республики Казахстан, достигшие восемнадцатилетнего возраста.

      4. Заявление о проведении собрания, митинга, шествия, пикета или демонстрации подается в письменной форме не позднее, чем за десять дней до намеченной даты их проведения. В заявлении указываются цель, форма, место проведения мероприятия или маршрута движения, время его начала и окончания, предполагаемое количество участников, фамилии, имена, отчества уполномоченных (организаторов) и лиц, ответственных за соблюдение общественного порядка, место их жительства и работы (учебы), дата подачи заявления. Срок подачи заявления исчисляется со дня его регистрации в государственном учреждении "Аппарат акима города Павлодара".

      5. Акимат города Павлодара рассматривает заявление и сообщает уполномоченным (организаторам) о принятом решении не позднее, чем за пять дней до времени проведения мероприятия, указанного в заявлении.

      6. В случае не соблюдения требований пункта 4 настоящего Дополнительного порядка при подаче заявления о проведении мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций акиматом города Павлодара дается официальный ответ с предложением устранить допущенные нарушения путем подачи нового заявления. Сроки рассмотрения нового заявления исчисляются с момента его поступления.

      7. Акимат города Павлодара в целях обеспечения прав и свобод других лиц, общественной безопасности, а также нормального функционирования транспорта, объектов инфраструктуры, сохранности зеленых насаждений и малых архитектурных форм при необходимости предлагает обратившимся с заявлением альтернативные места проведения мероприятия.

      8. В случае отказа, организаторам письменно указывается на незамедлительное принятие мер по отмене всех подготовительных процедур и по надлежащему оповещению об этом потенциальных участников.

      Решение акимата города Павлодара может быть обжаловано в порядке, предусмотренном действующим законодательством Республики Казахстан.

      9. Для проведения мирных собраний, митингов на территории города Павлодара определить следующие места":

      1) Парк имени Ю. Гагарина (улица Камзина – улица Академика Чокина – улица Циолковского – улица Ворушина);

      2) Площадь Конституции;

      3) Дворец культуры имени Естая (Площадь Конституции, 1).

      Сноска. Пункт 9 - в редакции решения маслихата города Павлодара Павлодарской области от 25.12.2019 № 446/61 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. Для проведения шествий и демонстраций на территории города Павлодара определить следующие маршруты:

      1) по улице Академика Сатпаева от улицы Торайгырова до улицы Естая;

      2) по улице Лермонтова от проспекта Нурсултана Назарбаева до улицы Набережная;

      3) по улице площадь Конституции от Дворца культуры имени Естая до улицы Астана, по улице Астана до улицы Лермонтова, по улице Лермонтова до улицы Академика Сатпаева, по улице Академика Сатпаева до улицы Кривенко;

      4) по улице Кривенко от улицы Короленко до улицы 1 Мая, по улице 1 Мая до улицы Каирбаева.

      11. При проведении собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций уполномоченные (организаторы), а также иные участники обязаны соблюдать общественный порядок.

      12. Организаторам и участникам мероприятия запрещается:

      1) препятствовать движению транспорта и пешеходов;

      2) создавать помехи для бесперебойного функционирования объектов инфраструктуры населенного пункта;

      3) устанавливать юрты, палатки, иные временные сооружения без согласования акиматом города Павлодара;

      4) наносить ущерб зеленым насаждениям, малым архитектурным формам;

      5) иметь при себе холодное, огнестрельное и иное оружие, а также, специально подготовленные или приспособленные предметы, которые могут быть использованы против жизни и здоровья людей, для причинения материального ущерба гражданам и собственности юридических лиц;

      6) вмешиваться в любой форме в деятельность представителей государственных органов, обеспечивающих общественных порядок при проведении мероприятий;

      7) участвовать в состоянии алкогольного и наркотического опьянения.

      13. В местах проведения собрания, митинга, шествия, пикета и демонстрации не допускается:

      1) распитие алкогольных напитков, употребление наркотических средств, психотропных веществ, их аналогов, прекурсоров;

      2) использование транспарантов, лозунгов, иных материалов (визуальных, аудио и видео), публичных выступлений, содержащих призывы к нарушению общественного порядка, совершению преступлений, а также оскорблений в адрес кого бы то ни было.

      14. Пикеты должны проводиться в соответствии с целями, указанными в заявлении, в определенные сроки и обусловленном месте.

      15. При пикетировании разрешается:

      1) располагаться у пикетируемого объекта (стоять, сидеть);

      2) использовать средства наглядной агитации;

      3) выкрикивать краткие лозунги, слоганы в соответствии с тематикой пикета.

      16. Акимат города Павлодара может разрешить проведение в один и тот же день и время на одном и том же месте не более трех одиночных пикетов. Участники различных одиночных пикетов должны располагаться относительно друг друга на расстоянии не менее пятидесяти метров или быть в пределах прямой видимости.

      17. В случае изменения проведения пикета на иную форму (митинг, собрание, шествие, демонстрацию) необходимо получение в установленном порядке разрешения акимата города Павлодара.

      18. Акимат города Павлодара запрещает проведение собрания, митинга, шествия, пикета или демонстрации, если целью их является разжигание расовой, национальной, социальной, религиозной нетерпимости, сословной исключительности, насильственного ниспровержения конституционного строя, посягательства на территориальную целостность республики, а также нарушений других положений Конституции, законов и иных нормативных актов Республики Казахстан, либо их проведение угрожает общественному порядку и безопасности граждан.

      19. Не допускается проведение массовых мероприятий у организаций, обеспечивающих обороноспособность, жизнедеятельность населения (снабжение водой, электроэнергией, теплом и другими энергоносителями), учреждений здравоохранения и образования.

      20. Собрания, митинги, шествия, пикеты и демонстрации должны быть безусловно прекращены по требованию представителя акимата города Павлодара, если:

      1) не было подано заявление;

      2) состоялось решение о запрещении;

      3) нарушен порядок их проведения;

      4) возникла опасность для жизни и здоровья граждан;

      5) нарушен общественный порядок.

      21. В случае отказа от выполнения законных требований представителя акимата города Павлодара, по его указанию управлением полицией принимаются необходимые меры по прекращению собрания, митинга, шествия, пикета и демонстрации.

      22. Лица, нарушившие установленный порядок организации и проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций, несут ответственность в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      23. Материальный ущерб, причиненный во время проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций их участниками гражданам, общественным объединениям, государству, подлежит возмещению в установленном законом порядке.

      24. Все дополнительно возникшие затраты, в том числе по охране общественного порядка, предоставлению помещений, санитарной очистке, освещению и радиофицированию места проведения собрания, митинга, шествия, пикета и демонстрации, возмещается их организаторами.