Павлодар қалалық мәслихатының 2019 жылғы 30 мамырдағы "Павлодар қаласы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" № 382/52 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 446/61 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 желтоқсанда № 6687 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 570/75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 08.01.2021 № 570/75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар қалалық мәслихатының 2019 жылғы 30 мамырдағы "Павлодар қаласы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6405 болып тіркелген, 2019 жылғы 13 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) № 382/52 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "Павлодар қаласы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер өткізу үшін келесі орындар белгіленсін":

      1) Ю. Гагарин атындағы саябақ (Қамзин көшесі-Академик Шөкин көшесі-Циолковский көшесі-Ворушин көшесі);

      2) Конституция алаңы;

      3) Естай атындағы Мәдениет сарайы (Конституция алаңы, 1).

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың азаматтардың құқықтарын және заңдылықтарды сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қалалық
      мәслихатының сессия төрағасы Е. Абенов
      Павлодар қалалық
      мәслихатының хатшысы З. Мукашева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады