Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі "Атаулы және мереке күндеріне орай алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 216/27 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3791 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 мамырда "Отарқа", "Голос Экибастуза" газеттерінде жарияланған), келесі өзгерістер және толықтыру енгізілсін:
екінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі - ҰОС) қатысушылары мен мүгедектеріне 500000 (бес жүз мың) теңге мөлшерінде, сондай-ақ 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) сомасындағы азық-түлік жинақтары;";
үшінші абзацы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестiрiлген адамдарға (Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдары қатысушыларынан, Ауғанстанда әскери мiндетiн өтеу кезiнде мүгедек болған әскери қызметшiлерден, 1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясындағы (бұдан әрі - ЧАЭС) апаттың зардаптарын жоюға тiкелей қатысқан адамдардан, ЧАЭС апаттың салдарынан мүгедек болған адамдардан басқа) 10 (он) АЕК мөлшерінде;";
он үшінші абзацтағы "пен балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды" сөздері алып тасталынсын;
келесі мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдары қатысушыларына, Ауғанстанда әскери мiндетiн өтеу кезiнде мүгедек болған әскери қызметшiлеріне, 1986 - 1987 жылдары ЧАЭС апаттың зардаптарын жоюға тiкелей қатысқан адамдарға, ЧАЭС апаттың салдарынан мүгедек болған адамдарға 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік, мәдени дамыту мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
қалалық мәслихат хатшысы | Б. Куспеков |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Павлодар облысының әкімі | |
________________Б. Бакауов | |
2019 жылғы "3" маусым |