Атаулы және мереке күндеріне орай алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 216/27 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 05 мамырда № 3791 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 32/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 28.04.2021 № 32/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы, 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы N 504 қаулысымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Екібастұз қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Атаулы және мереке күндеріне орай алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің келесі мөлшерлері белгіленсін:

      9 мамыр - Жеңіс Күніне орай:

      Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі - ҰОС) қатысушылары мен мүгедектеріне 500000 (бес жүз мың) теңге мөлшерінде, сондай-ақ 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) сомасындағы азық-түлік жинақтары;

      жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестiрiлген адамдарға (Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдары қатысушыларынан, Ауғанстанда әскери мiндетiн өтеу кезiнде мүгедек болған әскери қызметшiлерден, 1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясындағы (бұдан әрі - ЧАЭС) апаттың зардаптарын жоюға тiкелей қатысқан адамдардан, ЧАЭС апаттың салдарынан мүгедек болған адамдардан басқа) 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдары қатысушыларына, Ауғанстанда әскери мiндетiн өтеу кезiнде мүгедек болған әскери қызметшiлеріне, 1986 - 1987 жылдары ЧАЭС апаттың зардаптарын жоюға тiкелей қатысқан адамдарға, ЧАЭС апаттың салдарынан мүгедек болған адамдарға 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға 5 АЕК мөлшерінде;

      жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттарына 10 АЕК мөлшерінде;

      1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай:

      ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын жасына байланысты зейнетақы мен жәрдемақы алатын азаматтарға, атап айтқанда:

      ең төменгі мөлшерде зейнетақы мен жәрдемақы алатын азаматтарға – 1,2 АЕК;

      80-нен және одан да жоғары жас мөлшеріндегі азаматтарға – 2,9 АЕК;

      қазанның 2 жексенбісі - Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне орай:

      18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, 1,2-топтағы мүгедектерге, кәмелетке толмаған балалары бар мүгедектерге 2,3 АЕК мөлшерінде;

      8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай:

      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар арасынан көп балалы аналарға 2,4 АЕК мөлшерінде.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді – Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 28.10.2014 № 284/33 (жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.03.2015 № 307/35 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2019 № 355/43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік, мәдени дамыту мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, қалалық
      мәслихат хатшысы Б. Құспеков
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Павлодар облысы әкімінің
      міндетін атқарушы Д. Тұрғанов
      2014 жылғы "18" сәуір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады