Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Ақжол ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақжол ауылдық округінің аумағында жер учаскесін жер пайдаланушылардан алып қоймай қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақжол ауылдық | |
округінің әкімі | О. Абельдинова |
Ақжол ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы "25" қарашадағы № 4 Шешіміне қосымша |
Р/с № | Пайдаланушы | Алаңы (гектар) | Нысаналы мақсаты | Пайдалану мерзімі (жыл) | Жер телімінің орналасқан жері |
1 | "Қазақтелеком" акционерлік қоғам | 0,0008 | Байланыс желілерін пайдалану және ұстау үшін | 10 | Ақжол ауылдық округі, Ақжол ауылы, Молодежная көшесі |
2 | "Қазақтелеком" акционерлік қоғам | 0,0020 | Байланыс желілерін пайдалану және ұстау үшін | 10 | Ақжол ауылдық округі, Ақжол ауылы, Мектеп көшесі |
3 | "Қазақтелеком" акционерлік қоғам | 0,0010 | Байланыс желілерін пайдалану және ұстау үшін | 10 | Ақжол ауылдық округі, Ақжол ауылы, Мир көшесі |