Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Железин ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Железин ауданының әкімі | К. Кашкиров |
Железин ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "18" қарашадағы № 368/10 қаулысына қосымша |
Железин ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Железин ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы" № 40/3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4997 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 наурызда "Туған өлке" және "Родные просторы" аудандық газеттерінде жарияланған).
2. Железин ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 тамыздағы "Железин ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы" № 40/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 167/8 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5231 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. Железин ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы "Железин ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы" № 40/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 21/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5370 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 ақпанда "Туған өлке" және "Родные просторы" аудандық газеттерінде жарияланған).
4. Железин ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы "Железин ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы" № 40/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 418/11 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6185 болып тіркелген, 2019 жылғы 09 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).