Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 18.11.2019 № 368/10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Железин ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы" № 40/3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4997 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 наурызда "Туған өлке" және "Родные просторы" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында "төрт мың еселік айлық есептік көрсеткіштен" сөздері "үш мың еселік айлық есептік көрсеткіштен" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасары Р. Қ. Усинаға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жариялған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | К. Кашкиров |