Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 14.12.2020 № 264-60-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ертіс аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 134-30-5 "Атаулы және мереке күндеріне жеке алынған санаттағы алушылар үшін әлеуметтік көмек мөлшерлерін белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3786 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1) тармақшада:
бесінші абзац келесі редакцияда жазылсын:
"Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ертіс аудандық мәслихатының бюджет, әлеуметтік саясат және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Л. Гунжель |
Ертіс аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Б. Шингисов |
"КЕЛІСІЛГЕН" | |
Павлодар облысының әкімі | Б. Бақауов |
2019 жылғы "24" сәуір |