Атаулы және мереке күндеріне жеке алынған санаттағы алушылар үшін әлеуметтік көмек мөлшерлерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 134-30-5 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 сәуірде № 3786 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 264-60-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 14.12.2020 № 264-60-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Жеке алынған санаттағы алушылар үшін атаулы және мереке күндеріне біржолғы әлеуметтік көмек мөлшерлері белгіленсін, атап айтқанда:

      1) Жеңіс күніне - 9 мамыр:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне (бұдан әрі - ҰОС) 500000 (бес жүз мың) теңге мөлшерінде, сондай-ақ азық-түлік жиынтығына 5 АЕК мөлшерінде;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан ҰОС қатысушыларға теңестiрiлген адамдарға, атап айтқанда:

      қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтарға, концлагерлердің жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарға 10 АЕК мөлшерінде;

      Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде.

      1986 - 1987, 1988 - 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясы апатының зардаптарын жоюға қатысқан тұлғаларға 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан ҰОС қатысушыларға теңестiрiлген басқа да санаттарға:

      қаза тапқан әскери қызметшілердің қайталап некеге отырмаған зайыбына (жұбайға), ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға 10 АЕК мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусымынан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет атқарған) және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендері мен медальдерімен наградталмаған адамдарға 5 АЕК мөлшерінде;

      2) Халықаралық әйелдер күніне - 8 наурыз, төрт және одан да көп жасы кәмелетке толмаған балалары бар аз қамтылған көпбалалы аналарға 2,4 АЕК мөлшерінде;

      3) Халықаралық егде адамдар күніне -1 қазан, ең аз мөлшердегі зейнетақы және жәрдемақы алушы сексен жастағы және одан асқан азаматтарға 2,9 АЕК мөлшерінде;

      4) Қазақстан Республикасының мүгедектер күніне - қазан айының екінші жексенбісі - он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға, бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге, кәмелетке толмаған балалары бар мүгедек әйелдерге (ерлерге) 2,3 АЕК мөлшерінде.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 25.02.2015 № 184-34-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2019 № 164-38-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 16.05.2019 № 178-40-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 06.09.2019 № 189-44-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 24.09.2019 № 197-45-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ертіс аудандық мәслихатының экономика, бюджет және әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс
      сессияның төрағасы Ж. Беспаев
      Ертіс аудандық
      мәслихатының хатшысы Ж. Беспаев
      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Павлодар облысы әкімінің
      міндетін атқарушы Д. Тұрғанов
      2014 жылғы "18" сәуір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады