Тереңкөл ауданы бойынша 2019 - 2020 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы

Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 28 маусымдағы № 1/46 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 шілдеде № 6465 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" Заңының 8-бабы 1) тармақшасына, 13-бабына сәйкес, Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Тереңкөл ауданы бойынша 2019 - 2020 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы О. Бурмин
      Аудандық мәслихаттың хатшысы С. Баяндинов

  Тереңкөл аудандық
мәслихатының 2019 жылғы "28"
маусымдағы № 1/46 шешімімен
бекітілген

Тереңкөл ауданы бойынша 2019 - 2020 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар

      1. Тереңкөл ауданы бойынша 2019 - 2020 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі осы жоспар (бұдан әрі – Жоспар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі "Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" № 173 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі "Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" № 3-3/332 бұйрығына сәйкес әзірленді.

      2. Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер, иелерін-жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.

      3. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жемшөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың жойылу процестерінің алдын алу мақсатында қабылданды.

      4. Жоспардың мазмұны:

      1) осы Жоспардың 1-қосымшасына сәйкес құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Тереңкөл ауданы аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы);

      2) осы Жоспардың 2-қосымшасына сәйкес Тереңкөл ауданы аумағында жайылым айналымдарының қолайлы схемалары;

      3) осы Жоспардың 3-қосымшасына сәйкес Тереңкөл ауданы жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы;

      4) осы Жоспардың 4-қосымшасына сәйкес Тереңкөл ауданы аумағында жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы;

      5) осы Жоспардың 5-қосымшасына сәйкес Тереңкөл ауданы аумағында жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы;

      6) осы Жоспардың 6-қосымшасына сәйкес Тереңкөл ауданы аумағында ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы;

      7) осы Жоспардың 7-қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі.

      5. Топырақ жамылғысы күңгірт-құба түзінділермен ұсынылған, кей жерлерде – сортаң және тақыршық. Ауданның табиғи-климаттық ерекшеліктеріне байланысты жайылымдар табиғи жайылымдарға жатады. Аудан аумағында мәдени және аридті жайылымдар жоқ.

      Гидрографиялық жағынан аудан тиімді орналасқан, себебі аудан бойымен Ертіс өзені ағып жатыр.

      Аудан аумағындағы өсімдіктер әртүрлі шөпті селеу даласына кіреді. Ең көп таралған: типчак, сілекей, жұқа, түрлі жусан түрлері.

      Жайылымдық алқаптардың орташа өнімділігі 10 центнерді/гектар құрайды. Жайлымдар жемдерінің қоры ұзықтығы 170-180 күн болатын жайылым кезеңінде пайдаланылады.

      6. Тереңкөл ауданы 1963 жылы құрылған, Ертіс жазығы мен Құлынды даласының тоғысында орналасқан және солтүстік-батысында Ресей Федерациясымен, солтүстік-шығысында Успен ауданымен, оңтүстік-шығысында Павлодар ауданымен, оңтүстік-батысында Железин ауданымен шектеседі. Аудан орталығы – Тереңкөл ауылы. Аумақтық-әкімшілік бөлінісі 12 ауылдық округте орналасқан, 30 елді мекендерден тұрады.

      Ауданның климаты күрт континентальды. Қаңтар айындағы ауаның жылдық орташа температурасы минус 18 градус Цельсийдан минус 19 градус Цельсийға дейін, шілденің орташа температурасы плюс 20 градус Цельсийдан плюс 23 градус Цельсийға дейін. Жылдық атмосфералық жауын-шашын мөлшері 200-300 миллиметірді құрайды. Оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс желдем басым, аңызық жел жиі соғып тұрады.

      7. Аудан жерлерінің жалпы жер көлемі 675217,71 гектар (бұдан әрі – га), соның ішінде жайылым жерлер – 108094,59 га.

      Санаттары бойынша жерлер келесідей бөлінеді:

      ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 447634,92 га;

      елдi мекендердiң жерлерi – 104261,73 га;

      өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 3549,14 га;

      орман қорының жерлері – 22894,0 га;

      су қорының жерлерi – 7800,0 га;

      босалқы жерлер – 86823,92 га.

      Тереңкөл ауданында жер балансының мәліметтері бойынша жалпы ауданы 447,6 мың га есептеледі, соның ішінде жайылым 149,4 мың га, барлығы 373 ауылшаруашылық құрылымдар, оның ішінде:

      - 60,2 мың га көлемде 216 шаруа және фермер қожалығы, оның ішінде жайылымдар 8,6 мың га;

      - 47,8 мың га көлемде 157 шаруашылық серітестік және акционерлік қоғам, оның ішінде жайылымдар 6,2 мың га;

      - 4,0 га көлемде 2 мемлекеттік ауыл шаруашылық заңды тұлғалар, оның ішінде жайылымдар 4,0 га.

      Ауыл шаруашылығы құрылымдарының жалпы санынан жайылымдар:

      - 239,0 га көлемде 1 телім жеке меншікте;

      - 19,8 мың га көлемде 133 телім жер пайдалануда орналасқан.

      Ескерту. 7 - тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 18.11.2020 № 3/64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      8. Аудан аумағындағы жайылымдардың негізігі пайдаланушылары ауыл шаруашылығы құрылымдары болып табылады. Елді мекендердегі тұрғындардың малдары тағайындалған жерлерде бағылады.

      9. Аудан аумағындағы ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны: 41867 бас ірі қара мал, 39102 бас ұсақ мал, 8333 бас жылқы құрайды.

      10. Аудан аумағында ветеринариялық-санитарлық 48 объектілері қызмет істейді, соның ішінде 36 мал көмінділері, 12 мал дәрігерлік пункттер.

      11. Тереңкөл ауданында малды айдап өтуге арналған сервитуттар белгіленбеген.

  Тереңкөл ауданы бойынша
2019 - 2020 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
1-қосымша

Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің
меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Тереңкөл
ауданы аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)


  Тереңкөл ауданы бойынша
2019 - 2020 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
2-қосымша

Тереңкөл ауданы аумағында жайылым айналымдарының қолайлы схемалары


  Тереңкөл ауданы бойынша
2019 - 2020 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
3-қосымша

Тереңкөл ауданы жайылымдардың, оның ішінде маусымдық
жайылымдардың сыртқа және ішкі шекаралары мен алаңдары,
жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы


  Тереңкөл ауданы бойынша
2019 - 2020 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
4-қосымша

Тереңкөл ауданы аумағында жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына
сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе
суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы


  Тереңкөл ауданы бойынша
2019 - 2020 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
5-қосымша

Тереңкөл ауданы аумағында жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды
тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін
жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы


  Тереңкөл ауданы бойынша
2019 - 2020 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
6-қосымша

Тереңкөл ауданы аумағында ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен
қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы
жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы


  Тереңкөл ауданы бойынша
2019 - 2020 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
7-қосымша

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық
маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік график

Ауылдық округі

Жайылымдарға
малдардың айдап шығару мерзімі

Жайылымдардан малдардың қайтару мерзімі

1

Байқоныс

Сәуірдің бірінші жартысы

Қазанның екінші онкүндігі

2

Береговое

Сәуірдің бірінші жартысы

Қазанның екінші онкүндігі

3

Бобровка

Сәуірдің бірінші жартысы

Қазанның екінші онкүндігі

4

Верненка

Сәуірдің бірінші жартысы

Қазанның екінші онкүндігі

5

Воскресенка

Сәуірдің екінші жартысы

Қазанның екінші онкүндігі

6

Жанақұрылыс

Сәуірдің бірінші жартысы

Қазанның екінші онкүндігі

7

Ивановка

Сәуірдің бірінші жартысы

Қазанның екінші онкүндігі

8

Калиновка

Сәуірдің бірінші жартысы

Қазанның екінші онкүндігі

9

Тереңкөл

Сәуірдің бірінші жартысы

Қазанның екінші онкүндігі

10

Октябрьск

Сәуірдің бірінші жартысы

Қазанның екінші онкүндігі

11

Песчан

Сәуірдің бірінші жартысы

Қазанның екінші онкүндігі

12

Федоровка

Сәуірдің бірінші жартысы

Қазанның екінші онкүндігі


Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по району Тереңкөл на 2019 - 2020 годы

Решение маслихата района Тереңкөл Павлодарской области от 28 июня 2019 года № 1/46. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 4 июля 2019 года № 6465.

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 1) статьи 8, статьей 13 Закона Республики Казахстан от 20 февраля 2017 года "О пастбищах", маслихат района Тереңкөл РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемый План по управлению пастбищами и их использованию по району Тереңкөл на 2019 - 2020 годы.

      2. Контроль за выполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по аграрным вопросам.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии О. Бурмин
      Секретарь районного маслихата С. Баяндинов

  Утвержден
решением маслихата
района Тереңкөл
от "28" июня 2019 года № 1/46

План по управлению пастбищами и их
использованию по району Тереңкөл на 2019 - 2020 годы

      1. Настоящий План по управлению пастбищами и их использованию по району Тереңкөл на 2019 - 2020 годы (далее – План) разработан в соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 20 февраля 2017 года "О пастбищах", приказом Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 апреля 2017 года № 173 "Об утверждении Правил рационального использования пастбищ", приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 14 апреля 2015 года № 3-3/332 "Об утверждении предельно допустимой нормы нагрузки на общую площадь пастбищ".

      2. План принят с учетом сведений о состоянии геоботанического обследования пастбищ, сведений о ветеринарно-санитарных объектах, данных о численности поголовья сельскохозяйственных животных с указанием их владельцев – пастбищепользователей, физических и (или) юридических лиц, данных о количестве гуртов, отар, табунов, сформированных по видам и половозрастным группам сельскохозяйственных животных, сведений о формировании поголовья сельскохозяйственных животных для выпаса на отгонных пастбищах, особенностей выпаса сельскохозяйственных животных на культурных и аридных пастбищах, сведений о сервитутах для прогона скота и иных данных, предоставленных государственными органами, физическими и (или) юридическими лицами.

      3. План принимается в целях рационального использования пастбищ, устойчивого обеспечения потребности в кормах и предотвращения процессов деградации пастбищ.

      4. План содержит:

      1) схему (карту) расположения пастбищ на территории района Тереңкөл в разрезе категорий земель, собственников земельных участков и землепользователей на основании правоустанавливающих документов, согласно приложению 1 к настоящему Плану;

      2) приемлемые схемы пастбищеоборотов на территории района Тереңкөл, согласно приложению 2 к настоящему Плану;

      3) карту района Тереңкөл с обозначением внешних и внутренних границ и площадей пастбищ, в том числе сезонных, объектов пастбищной инфраструктуры, согласно приложению 3 к настоящему Плану;

      4) схему доступа пастбищепользователей к водоисточникам (озерам, рекам, прудам, копаням, оросительным или обводнительным каналам, трубчатым или шахтным колодцам), составленную согласно норме потребления воды, на территории района Тереңкөл, согласно приложению 4 к настоящему Плану;

      5) схему перераспределения пастбищ для размещения поголовья сельскохозяйственных животных физических и (или) юридических лиц, у которых отсутствуют пастбища, и перемещения его на предоставляемые пастбища на территории района Тереңкөл, согласно приложению 5 к настоящему Плану;

      6) схему размещения поголовья сельскохозяйственных животных на отгонных пастбищах физических и (или) юридических лиц, не обеспеченных пастбищами, расположенными при сельском округе на территории района Тереңкөл, согласно приложению 6 к настоящему Плану;

      7) календарный график по использованию пастбищ, устанавливающий сезонные маршруты выпаса и передвижения сельскохозяйственных животных, согласно приложению 7 к настоящему Плану.

      5. Почвенный покров представлен темно-каштановым, местами солонцами и солончаками. Пастбища, в связи с природно-климатической особенностью района относятся к природным пастбищам. Культурных и аридных пастбищ на территории района нет.

      В гидрографическом отношении район имеет выгодное положение, так вдоль района протекает река Иртыш.

      Растительность на территории района входит в подзону разнотравных ковыльных степей. Наиболее распространҰнными являются: типчак, ковыль, тонконог тонкий, различные виды полыни.

      Средняя урожайность пастбищных угодий составляет 10 центнеров/гектар. Фонд кормов пастбищ используется в пастбищный период продолжительностью 170 – 180 дней.

      6. Район Тереңкөл образован в 1963 году, расположен на стыке Иртышской равнины и Кулундинской степи и граничит: на северо-западе с Российской Федерацией, на северо-востоке с Успенским районом, на юго-востоке с Павлодарским районом, на юго-западе с Железинским районом. Районный центр – село Теренколь. Администиративно-территориальное деление состоит из 30 сельских населенных пунктов, расположенных в 12 сельских округах.

      Климат района резко континентальный. Средняя температура января от минус 18 градусов Цельсия до минус 19 Цельсия, средняя температура июля от плюс 20 градусов Цельсия до плюс 23 градусов Цельсия. Годовое количество атмосферных осадков составляет 200 – 300 миллиметров. Господствуют юго-западные, северо-восточные ветры, часты восточные суховеи.

      7. Общая площадь земель района 675217,71 гектар (далее - га), из них пастбищные земли –108094,59 га.

      По категориям земли подразделяются на:

      земли сельскохозяйственного назначения – 447634,92 га;

      земли населенных пунктов – 104261,73 га;

      земли промышленности, транспорта, связи, для нужд космической деятельности, обороны, национальной безопасности и иного не сельскохозяйственного назначения – 3549,14 га;

      земли лесного фонда – 22894,0 га;

      земли водного фонда – 7800,0 га;

      земли запаса – 86823,92 га.

      В районе Тереңкөл всего по данным земельного баланса числится 373 сельскохозяйственных формирований на общей площади 447,6 тысяч га, в том числе пастбищ 149,4 тысяч га, из них:

      - крестьянских и фермерских хозяйств 216 на площади 60,2 тысяч га, в том числе пастбищ 8,6 тысяч га;

      - хозяйственных товариществ и акционерных обществ 157 на площади 47,8 тысяч га, в том числе пастбищ 6,2 га;

      - государственных сельскохозяйственных юридических лиц 2 на площади 4,0 га, в том числе 4,0 га пастбищ.

      Из общего количества сельхозяйственных формирований пастбищ находятся:

      - в частной собственности 1 участок на площади 239,0 га;

      - в землепользовании 133 участка на площади 19,8 тысяч га.

      Сноска. Пункт 7 - в редакции решения маслихата района Тереңкөл Павлодарской области от 18.11.2020 № 3/64 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Основными пользователями пастбищ на территории района являются сельскохозяйственные формирования. Скот населения в населенных пунктах пасется на отведенных землях.

      9. Количество поголовья сельскохозяйственных животных на территории района составляет: 41867 голов крупного рогатого скота, 39102 головы мелкого рогатого скота, 8333 головы лошадей.

      10. В районе действуют 48 ветеринарно-санитарных объектов, из них 36 скотомогильников, 12 ветеринарных пункта.

      11. В районе Тереңкөл сервитуты для прогона скота не установлены.

  Приложение 1
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию по району
Тереңкөл на 2019 - 2020 годы

Схема (карта) расположения пастбищ на территории района Тереңкөл
в разрезе категорий земель, собственников земельных участков
и землепользователей на основании правоустанавливающих документов


  Приложение 2
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию по району
Тереңкөл на 2019 - 2020 годы

Приемлемые схемы пастбищеоборотов на территории района Тереңкөл


  Приложение 3
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию по району
Тереңкөл на 2019 - 2020 годы

Карта района Тереңкөл с обозначением внешних и внутренних границ и площадей
пастбищ, в том числе сезонных, объектов пастбищной инфраструктуры


  Приложение 4
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию по району
Тереңкөл на 2019 - 2020 годы

Схема доступа пастбищепользователей к водоисточникам (озерам,
рекам, прудам, копаням, оросительным или обводнительным каналам,
трубчатым или шахтным колодцам), составленную согласно
норме потребления воды на территории района Тереңкөл


  Приложение 5
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию по району
Тереңкөл на 2019 - 2020 годы

Схема перераспределения пастбищ для размещения поголовья сельскохозяйственных
животных физических и (или) юридических лиц, у которых отсутствуют пастбища, и
перемещения его на предоставляемые пастбища на территории района Тереңкөл


  Приложение 6
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию по району
Тереңкөл на 2019 - 2020 годы

Схема размещения поголовья сельскохозяйственных животных на отгонных
пастбищах физических и (или) юридических лиц, не обеспеченных пастбищами,
расположенными при сельском округе на территории района Тереңкөл


  Приложение 7
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию по району
Тереңкөл на 2019 - 2020 годы

Календарный график по использованию пастбищ, устанавливающий сезонные
маршруты выпаса и передвижения сельскохозяйственных животных

Наименование сельского округа

Период отгона животных на пастбища

Период отгона животных с пастбищ

1

Байконысский

Первая половина апреля

Вторая декада октября

2

Береговой

Первая половина апреля

Вторая декада октября

3

Бобровский

Первая половина апреля

Вторая декада октября

4

Верненский

Первая половина апреля

Вторая декада октября

5

Воскресенский

Первая половина апреля

Вторая декада октября

6

Жанакурлусский

Первая половина апреля

Вторая декада октября

7

Ивановский

Первая половина апреля

Вторая декада октября

8

Калиновский

Первая половина апреля

Вторая декада октября

9

Теренкольский

Первая половина апреля

Вторая декада октября

10

Октябрьский

Первая половина апреля

Вторая декада октября

11

Песчанский

Первая половина апреля

Вторая декада октября

12

Федоровский

Первая половина апреля

Вторая декада октября