Тереңкөл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 28 маусымдағы "Тереңкөл ауданы бойынша 2019 – 2020 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" № 1/46 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 18 қарашадағы № 3/64 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 желтоқсанда № 7053 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" Заңының 8-бабы 1) тармақшасына, 13-бабына сәйкес, Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тереңкөл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 28 маусымдағы "Тереңкөл ауданы бойынша 2019 - 2020 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6465 болып тіркелген, 2019 жылғы 19 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) № 1/46 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      Тереңкөл ауданы бойынша 2019 – 2020 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі көрсетілген жоспардың 7 – тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "7. Аудан жерлерінің жалпы жер көлемі 675217,71 гектар (бұдан әрі – га), соның ішінде жайылым жерлер – 108094,59 га.

      Санаттары бойынша жерлер келесідей бөлінеді:

      ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 447634,92 га;

      елдi мекендердiң жерлерi – 104261,73 га;

      өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 3549,14 га;

      орман қорының жерлері – 22894,0 га;

      су қорының жерлерi – 7800,0 га;

      босалқы жерлер – 86823,92 га.

      Тереңкөл ауданында жер балансының мәліметтері бойынша жалпы ауданы 447,6 мың га есептеледі, соның ішінде жайылым 149,4 мың га, барлығы 373 ауылшаруашылық құрылымдар, оның ішінде:

      - 60,2 мың га көлемде 216 шаруа және фермер қожалығы, оның ішінде жайылымдар 8,6 мың га;

      - 47,8 мың га көлемде 157 шаруашылық серітестік және акционерлік қоғам, оның ішінде жайылымдар 6,2 мың га;

      - 4,0 га көлемде 2 мемлекеттік ауыл шаруашылық заңды тұлғалар, оның ішінде жайылымдар 4,0 га.

      Ауыл шаруашылығы құрылымдарының жалпы санынан жайылымдар:

      - 239,0 га көлемде 1 телім жеке меншікте;

      - 19,8 мың га көлемде 133 телім жер пайдалануда орналасқан.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тереңкөл аудандық мәслихатының сессия төрағасы С. Ахменова
      Тереңкөл аудандық мәслихатының хатшысы С. Баяндинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады