Ескерту. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды (Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімі аппарат басшысының 16.08.2024 № 01-21/562 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 7) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 412 бұйрығына сәйкес, Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аққулы ауданының ұйымдарында 2019 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, жұмыс орындарының квотасы қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Аққулы ауданы әкімінің орынбасары А. Ж. Қасымоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Балғабаев |
Аққулы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "2" мамырдағы № 1-03/73 қаулысына қосымша |
Аққулы ауданының ұйымдарында 2019 жылға арналған
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа
орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Р/с № | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны, адам | Квотаның мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %) | Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға арналған жұмыс орындарының саны, адам |
1 | Аққулы ауданы әкімдігі, Аққулы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Аққу-Сервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 31 | 3% | 1 |
2 | Аққулы ауданы әкімдігі, Аққулы ауданы ветеринария бөлімінің "Аққулы ауданының ветеринарлық қызметі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын | 44 | 2% | 1 |