Ескерту. Тақырыбы - жаңа редакцияда - Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 06.11.2024 № 1-03/230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" Заңының 9-бабы 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Аққулы ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау жайылым айналымдарының ұсынылатын схемасы бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 06.11.2024 № 1-03/230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. С. Тастамбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Балғабаев |
Аққулы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "11" маусымда № 1-03/137 қаулысына қосымша |
Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Аққулы ауданының жайылым айналымдарының ұсынылатын схемасы
Ескерту. Қосымша - жаңа редакцияда - Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 06.11.2024 № 1-03/230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.