Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" № 183 қаулысына сәйкес, Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аққулы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 ақпандағы "2019 жылға арналған Аққулы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешені саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы" № 192/38 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6260 болып тіркелген, 2019 жылғы 07 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармағында "жетпіс еселік" деген сөздері "жүз еселік" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Аққулы аудандық мәслихаттың экономика және бюджеттік саясат, заңдылық пен адам құқығын қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Д. Әбетжанов |
Аққулы аудандық | |
мәслихатының хатшысы | С. Мүсінова |