Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Шақа ауылдық округінің Шақа ауылы тұрғындарының пiкiрiн ескере отырып және 2019 жылғы 14 маусымдағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Шақа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аққулы ауданы Шақа ауылдық округінің Шақа ауылында "40 лет Победы" көшесі "Ұлы Жеңіс" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | Т. Шакарманов |