Аққулы ауданы Шақа ауылдық округінің Шақа ауылындағы көшені қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Аққулы ауданы Шақа ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 қазанда № 6556 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Шақа ауылдық округінің Шақа ауылы тұрғындарының пiкiрiн ескере отырып және 2019 жылғы 14 маусымдағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Шақа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аққулы ауданы Шақа ауылдық округінің Шақа ауылында "40 лет Победы" көшесі "Ұлы Жеңіс" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі Т. Шакарманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады