Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актiлер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 24 ақпандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 58/2 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4984 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 наурызда "Заман тынысы" және "Нива" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Павлодар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қаңтардағы "Павлодар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 24 ақпандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 58/2 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы" № 5/1 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5372 болып тіркелген, 2017 жылғы 16 ақпанда "Заман тынысы" және "Нива" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г. Қ. Сейітқазинаға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі | Ж. Шұғаев |