Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Павлодар ауданы Красноармейка ауылдық округінің Красноармейка ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 14 маусымдағы қорытындысы негізінде, Красноармейка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар ауданы Красноармейка ауылдық округі Красноармейка ауылының келесі көшелері:
"60 лет Октября" көшесі "Тәуелсіздік" көшесі болып;
"Ленин" көшесі "Достық" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | А. Вакпаев |