Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 12.04.2021 № 28/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Успен аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі "Жекелеген санаттағы алушыларға мерекелік және атаулы күндерге әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 174/35 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3775 болып тіркелген, 2014 жылғы 02 мамырда "Апта айнасы" және "Сельские будни" аудандық газеттерінде жарияланған), келесі толықтыру енгізілсін:
осы шешімнің 1-тармағы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Ауғанстандағы соғыс әрекеттеріне қатысқан адамдарға 50000 (елу мың теңге) мөлшерінде".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының экономика және бюджет бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Скрипник |
Аудандық мәслихатының хатшысы | Р. Бечелова |
Павлодар облысының әкімі | Б. Бакауов |
2019 жылғы "4" мамыр |