Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Успен аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Успен аудандық мәслихатының әлеуметтік саясат және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Успен аудандық мәслихатының сессия төрағасы | Ж. Каримова |
Успен аудандық мәслихатының хатшысы | Ж. Бараисов |
Успен аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 28/3 шешіміне қосымша |
Успен аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Успен аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі "Жекелеген санаттағы алушыларға мерекелік және атаулы күндерге әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 174/35 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3775 болып тіркелген, 2014 жылғы 2 мамырда "Апта айнасы", "Сельские будни" аудандық газеттерінде жарияланған).
2. Успен аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 қазандағы "Успен ауданы мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі "Жекелеген санаттағы алушыларға мерекелік және атаулы күндерге әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 174/35 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 217/40 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4169 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 қарашада "Апта айнасы", "Сельские будни" аудандық газеттерінде жарияланған).
3. Успен аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 ақпандағы "Успен ауданы мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі "Жекелеген санаттағы алушыларға мерекелік және атаулы күндерге әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 174/35 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 231/42 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4356 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
4. Успен аудандық мәслихатының 2019 жылғы 6 мамырдағы "Успен аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі "Жекелеген санаттағы алушыларға мерекелік және атаулы күндерге әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 174/35 шешіміне толықтыру енгізу туралы" № 216/46 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6381 болып тіркелген, 2019 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
5. Успен аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 шілдедегі "Успен аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі "Жекелеген санаттағы алушыларға мерекелік және атаулы күндерге әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 174/35 шешіміне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы" № 224/48 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6500 болып тіркелген, 2019 жылғы 19 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).