Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 7) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 412 бұйрығына сәйкес, Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2019 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды Успен ауданының ұйымдарында жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық - құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан осы қаулының қосымшасына сәйкес жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Успен ауданы әкімінің орынбасары А. А. Дисюповаға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | Қ. Абушахманов |
Успен ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "19" маусымдағы № 177/6 қаулысына қосымша |
2019 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды Успен
ауданының ұйымдарында жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Р/с № | Ұйымдардың атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квота мөлшері (қызметкерлердің тізімдік саны %) | Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны (бірлік) |
1 | "Галицкое Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 239 | 1 | 2 |
2 | Павлодар облысы әкімдігінің Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Успен аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 188 | 1 | 2 |
3 | "Галицкое" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 174 | 1 | 2 |