2020 жылға арналған Шарбақты ауданының ұйымдарында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 5 қарашадағы № 355/8 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 қарашада № 6611 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 7) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 412 бұйрығына сәйкес, Шарбақты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2020 жылға арналған Шарбақты ауданының ұйымдарында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан жұмыс орындарының квотасы осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. А. Неғмановаға жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Абеуов

  Шарбақты ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "5" қарашадағы
№ 355/8 қаулысына
қосымша

2020 жылға арналған Шарбақты ауданының ұйымдарында
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа
орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Р/с№

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға арналған жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"ШЫҒЫС ЖОЛДАРЫ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

64

1%

1

2

"Шарбакты-Кус" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

200

1%

2


Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, в организациях Щербактинского района на 2020 год

Постановление акимата Щербактинского района Павлодарской области от 5 ноября 2019 года № 355/8. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 19 ноября 2019 года № 6611. Прекращено действие в связи с истечением срока

      В соответствии c подпунктом 2) пункта 1 статьи 18 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года, подпунктом 7) статьи 18 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года, подпунктом 7) статьи 9, подпунктом 2) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 412 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации", акимат Щербактинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, в организациях Щербактинского района на 2020 год, независимо от организационно-правовой формы и от формы собственности, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Негманову Р. А.

      3. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2020 года.

      Аким района А. Абеуов

  Приложение
к постановлению акимата
Щербактинского района
от "5" ноября 2019 года № 355/8

Квота рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете
службы пробации, в организациях Щербактинского района на 2020 год

№ п/п

Наименование организаций

Списочная численность работников (человек)

Размер квоты (% от списочной численности работников)

Количество рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации (единиц)

1

Товарищество с ограниченной ответственностью "ШЫГЫС ЖОЛДАРЫ"

64

1%

1

2

Товарищество с ограниченной ответственностью "Шарбакты-Кус"

200

1%

2