Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Галкино ауылдық округі Галкино ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2018 жылғы 12 шілдедегі облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Шарбақты ауданы Галкино ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шарбақты ауданы Галкино ауылдық округінің Галкино ауылының кейбір көшелері:
"Южная" көшесі - "Оңтүстік" көшесіне;
"Школьная" көшесі - "Ыбырай Алтынсарин" көшесіне;
"8 марта" көшесі - "Болашақ" көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Галкино ауылдық округінің әкімі | Қ. Қулумбенов |