Шарбақты ауданы Галкино ауылдық округінің Галкино ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Шарбақты ауданы Галкино ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 13 ақпандағы № 1-17/1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 ақпанда № 6253 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Галкино ауылдық округі Галкино ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2018 жылғы 12 шілдедегі облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Шарбақты ауданы Галкино ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шарбақты ауданы Галкино ауылдық округінің Галкино ауылының кейбір көшелері:

      "Южная" көшесі - "Оңтүстік" көшесіне;

      "Школьная" көшесі - "Ыбырай Алтынсарин" көшесіне;

      "8 марта" көшесі - "Болашақ" көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Галкино ауылдық округінің әкімі Қ. Қулумбенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады