Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi "Бiлiм туралы" Заңының 6-бабы 3-тармағының 7-2) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуiрдегi "Құқықтық актiлер туралы" Заңының 50-бабына сәйкес, Алматы қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Алматы қаласы әкiмдiгiнiң "Алматы қаласының орта білім беру ұйымдарындағы 2019 жылға арналған орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекiту туралы" 2019 жылғы 16 мамырдағы № 2/302 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1559 болып тiркелген, 2019 жылғы 30 мамырда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерiс енгiзiлсiн:
аталған қаулымен бекітілген Алматы қаласының орта білім беру ұйымдарындағы 2019 жылға арналған орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы, осы қаулының қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Алматы қаласы Бiлiм басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте осы қаулыны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi, кейiннен мерзiмдi баспа басылымдарында ресми жариялауды және Алматы қаласы әкiмдiгiнiң интернет ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Ж. Бабақұмаровқа жүктелсін.
4. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Алматы қаласының әкімі | Б. Сагинтаев |
қаулысына қосымша | |
Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 16 мамырдағы № 2/302 қаулысымен бекітілді |
Алматы қаласының орта білім беру ұйымдарындағы 2019 жылға арналған
орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Орта білім беру ұйымдарының атауы | Білім алушылардың саны | Бір жылға бір оқушыға жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | Бір жылға мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшері (теңге) |
Бюджеттік бағдарламаның әкімгері - Алматы қаласы Білім басқармасы | ||||
1 | "Қайнар" мектебі" мекемесі | 78 | 235595 | 15 589 000 |
2 | "Жәния Әубәкірованың авторлық мектебі" мекемесі | 344 | 235595 | 75 419 000 |
3 | "InterLingua" лицейі" мекемесі | 69 | 235595 | 15 878 000 |
4 | "Ғалым" Қазақ ұлттық гимназиясы" мемлекеттік емес мекемесі | 31 | 235595 | 6 227 000 |
5 | "Ак ниет" мекемесі | 106 | 235595 | 19 712 000 |
6 | "Жаңа мектеп" білім беру мекемесі | 288 | 235595 | 64 399 000 |
7 | "Арай" оқу-әдістемелік орталығы" коммерциялық емес мекемесі | 179 | 235595 | 39 138 000 |
8 | "Алматы "Білім-Инновация" қыз балалар лицейі" мемлекеттік емес білім беру мекемесі | 279 | 235595 | 70 898 000 |
9 | "Galaxy" Халықаралық мектебі мекемесі | 342 | 235595 | 76 312 000 |
10 | "Тамос Эдьюкейшн Физика-Математика Мектебі" білім беру мекемесі | 2101 | 235595 | 445 719 000 |
11 | "Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы" акционерлік қоғамы | 132 | 235595 | 32 741 000 |
12 | "Н. Назарбаевтың білім қоры" "Алматы қаласының Халқаралық мектебі" қоғамдық қорының филиалы | 353 | 235595 | 77 777 000 |
13 | "Лидер" мемлекеттік емес білім беру мекемесі | 176 | 235595 | 38 838 000 |
14 | "ЭЛКО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 41 | 235595 | 7 825 000 |
15 | "ZERDE" мектеп-гимназиясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 321 | 235595 | 68 539 000 |
16 | "Магистр" жеке меншік мектеп-колледжі" білім беру мекемесі | 236 | 235595 | 52 873 000 |
17 | "Сүлейман Демирел атындағы мектеп-интернат-колледж" мекемесі | 231 | 235595 | 55 567 000 |
18 | "Н. Назарбаевтың білім қоры" қоғамдық қорының Алматы қаласындағы "Мирас" мектебі" филиалы | 449 | 235595 | 100 599 000 |
19 | "Global education" балабақша-мектебі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 88 | 235595 | 16 365 000 |
20 | "Казақ-Америка Университеті" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 531 | 235595 | 112 563 000 |
21 | Үздіксіз білім беретін жеке меншік "Сенім" мектебі" мекемесі | 131 | 235595 | 29 364 000 |
22 | "Alliance school" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 90 | 235595 | 18 421 000 |
23 | "Школа 21 века" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 116 | 235595 | 25 929 000 |
24 | "Алматы математика-лингвистикалық "Самай" мектебі" мекемесі | 209 | 235595 | 43 724 000 |
25 | "Бәйтерек" Халықаралық мектеп-лицейі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 207 | 235595 | 45 177 000 |
26 | "Мақсат" Үздіксіз білім беру мекемесі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 25 | 235595 | 5 541 000 |
27 | "Болашақ" арнайы мамандандырылған орта мектебі" жеке меншік мекемесі | 123 | 235595 | 24 690 000 |
Барлығы: | 7276 | 1 585 824 000 |