Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 25.04.2019 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 256 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17306 болып тіркелді) бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 5-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2019 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы әкімдік қаулысын мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы - Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;
3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі |
Қ. Ақсақалов |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы "04" ақпандағы № 20 қаулысына қосымша |
2019 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге | Субсидияланатын көлемі | Субсидиялар көлемі, мың теңге |
Етті мал шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | ||||
1.1 | Тауарлық аналық бас | бас | 10 000 | 45 000 | 450 000,0 |
1.2 | Асыл тұқымды аналық бас* | бас | 30 000 | 21 000 | 630 000,0 |
2. | Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу | бас | 100 000 | 1 960 | 196 000,0 |
3. | Отандық етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын сатып алу | бас | 150 000 | 1 850 | 277 500,0 |
4. | Импорттық асыл тұқымды немесе таза тұқымды аналық мал басын сатып алу* | бас | 337 500 | 3 200 | 1 080 000,0 |
5. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген бұқашықтардың құнын арзандату | тiрiдей салмағының бір килограмы | 200 | 3 000 000 | 600 000,0 |
6. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдары үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату | қосқан салмағының бір килограмы | 200 | 200 000 | 40 000,0 |
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||||
1. | Асыл тұқымды бұқалардың ұрығын сатып алу | ||||
1.1 | бір жынысты | доза | 10 000 | 1 020 | 10 200,0 |
1.2 | қос жынысты | доза | 5 000 | 8 017 | 40 085,0 |
2. | Асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу: | ||||
2.1 | отандық немесе ТМД елдерінен импортталған | бас | 150 000 | 2 750 | 412 500,0 |
2.2 | Аустралия, АҚШ және Канада мен Еуропа елдерінен импортталған* | бас | 337 500 | 2 500 | 843 750,0 |
3. | Сүт өндіру құнын арзандату: | ||||
3.1 | бағымдағы аналық бас саны 600 бастан басталатын шаруашылық | сынақ салмағының бір килограмы | 35 | 35 000 000 | 1 225 000,0 |
3.2 | бағымдағы аналық бас саны 400 бастан басталатын шаруашылық | сынақ салмағының бір килограмы | 20 | 14 000 000 | 280 000,0 |
3.3 | бағымдағы аналық бас саны 50 бастан басталатын шаруашылық | сынақ салмағының бір килограмы | 10 | 1 900 000 | 19 000,0 |
3.4 | Ауыл шаруашылығы кооперативі | сынақ салмағының бір килограмы | 10 | 5 500 000 | 55 000,0 |
4. | Қоғамдық табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу | бас | 100 000 | 200 | 20 000,0 |
5. | Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 5 000 | 10 000 | 50 000,0 |
6 | Сүтті бағыттағы аналық бастың азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату | бас | 120 000 | 5 000 | 600 000,0 |
Етті құс шаруашылығы | |||||
1. | Отандық және шетелдік шаруашылықтардан ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу | бас | 600 | 50 000 | 30 000,0 |
2. | Құс етін өндіру құнын арзандату | ||||
2.1 | 2 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | килограмм | 50 | 2 000 000 | 100 000,0 |
3. | Суда жүзетін құс етін өндіру құнын арзандату | килограмм | 40 | 175 000 | 7 000,0 |
Жұмыртқалық құс шаруашылығы | |||||
1. | Республикалық палаталарда тіркелген құс фабрикаларынан алынған құстардың финалдық нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапанын сатып алу | бас | 60 | 550 000 | 33 000,0 |
2. | Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату | ||||
2.1 | 150 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | дана | 2,7 | 150 000 000 | 405 000,0 |
2.2 | 100 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | дана | 2,5 | 450 000 000 | 1 125 000,0 |
2.3 | 50 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | дана | 2,2 | 40 000 000 | 88 000,0 |
Шошқа шаруашылығы | |||||
1. | Асыл тұқымды және таза тұқымды шошқалар сатып алу | бас | 140 000 | 1 000 | 140 000,0 |
2. | Шошқалардың асыл тұқымды аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу | бас | 40 000 | 1 500 | 60 000,0 |
Қой шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||
1.1 | асыл тұқымды аналық бас | бас | 2 500 | 2 000 | 5 000,0 |
1.2 | тауарлық аналық бас | бас | 1 500 | 3 000 | 4 500,0 |
2. | Асыл тұқымды тұқымдық қошқарлар сатып алу | бас | 8 000 | 200 | 1 600,0 |
Жылқы шаруашылығы | |||||
1. | Асыл тұқымды айғырлар сатып алу | бас | 100 000 | 200 | 20 000,0 |
2. | Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату | килограмм | 60 | 30 000 | 1 800,0 |
Бал ара шаруашылығы | |||||
1. | Балара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | балара ұясы | 5 000 | 170 | 850,0 |
Облыс бойынша жиыны | 8 850 785,0 |
* - Норматив 50 %-ке ұлғайтылды