"Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелді) бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 6-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2019 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі №111 қаулысына (2019 жылғы 04 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5373 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
облыс әкімі | К. Аксакалов |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы "__" ___________ № __ қаулысына қосымша | |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы "25" сәуірдегі № 111 қаулысына қосымша |
2019 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге | Субсидияланатын көлемі | Субсидиялар көлемі, мың теңге |
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | ||||
1.1 | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | бас/шағылыстыру маусымы | 10 000 | 27 000 | 270 000,0 |
1.2 | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы* | бас/шағылыстыру маусымы | 30 000 | 6 500 | 195 000,0 |
2. | Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу | бас/шағылыстыру маусымы | 100 000 | 400 | 40 000,0 |
3. | Отандық асыл тұқымды ірі қара мал басын сатып алу | сатып алынған бас | 150 000 | 1 300 | 195 000,0 |
4. | Шетелдік асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу* | сатып алынған бас | 337 500 | 1 800 | 607 500,0 |
5. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген немесе ауыстырылған бұқашықтардың құнын арзандату | тiрiдей салмағының бір килограмы | 200 | 1 600 000 | 320 000,0 |
6. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдары үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату | қосқан салмағының бір килограмы | 200 | 70 000 | 14 000,0 |
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||||
1. | Сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының ұрығын сатып алу | ||||
1.1 | бір жынысты | сатып алынған доза | 10 000 | 0 | 0,0 |
1.2 | қос жынысты | сатып алынған доза | 5 000 | 5 000 | 25 000,0 |
2. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | ||||
2.1 | отандық немесе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен әкелінген шетелдік | сатып алынған бас | 150 000 | 1 000 | 150 000,0 |
2.2 | Аустралия, Америка Құрама Штаттары, Канада және Еуропа елдерінен әкелінген* | сатып алынған бас | 337 500 | 2 800 | 945 000,0 |
3. | Сүт өндіру құнын арзандату: | ||||
3.1 | бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық | өткізілген немесе өңделген килограмм | 35 | 18 500 000 | 647 500,0 |
3.2 | бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылық | өткізілген немесе өңделген килограмм | 20 | 6 000 000 | 120 000,0 |
3.3 | бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық | өткізілген немесе өңделген килограмм | 10 | 4 620 000 | 46 200,0 |
3.4 | Ауыл шаруашылығы кооперативі | өткізілген немесе өңделген килограмм | 10 | 5 500 000 | 55 000,0 |
4. | Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау | ұрықтандырылған бас/шағылысу маусымы | 5 000 | 7 000 | 35 000,0 |
5. | Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу | бас/шағылысу маусымы | 100 000 | 200 | 20 000,0 |
6. | Сүтті және сүтті-етті бағыттағы аналық бастың және мал басын толықтыратын төлдердің азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату | бас | 120 000 | 6 500 | 780 000,0 |
Етті құс шаруашылығы | |||||
1. | Ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу | сатып алынған бас | 600 | 20 000 | 12 000,0 |
2. | Құс етін өндіру құнын арзандату | ||||
1) | 2 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген немесе өңделген килограмм | 50 | 1 000 000 | 50 000,0 |
3. | Суда жүзетін құс етін өндіру құнын арзандату | өткізілген немесе өңделген килограмм | 40 | 120 000 | 4 800,0 |
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | |||||
1. | Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу | сатып алынған бас | 60 | 500 000 | 30 000,0 |
2. | Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату | ||||
1) | 150 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген дана | 2,7 | 85 000 000 | 229 500,0 |
2) | 100 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген дана | 2,5 | 210 000 000 | 525 000,0 |
Шошқа шаруашылығы | |||||
1. | Асыл тұқымды шошқалар сатып алу | сатып алынған бас | 140 000 | 200 | 28 000,0 |
2. | Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу* | бас/шағылысу маусымы | 60 000 | 2 800 | 168 000,0 |
Қой шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||
1.1 | Қойлардың асыл тұқымды аналық басы | бас/шағылысу маусымы | 2 500 | 2 000 | 5 000,0 |
1.2 | Қойлардың тауарлық аналық басы | бас/шағылысу маусымы | 1 500 | 4 114 | 6 171,0 |
2. | Асыл тұқымды тұқымдық қошқарлар сатып алу | бас/шағылысу маусымы | 8 000 | 100 | 800,0 |
Жылқы шаруашылығы | |||||
1. | Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу | сатып алынған бас | 100 000 | 80 | 8 000,0 |
2. | Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату | килограмм | 60 | 20 000 | 1 200,0 |
Облыс бойынша жиыны | 5 533 671,0 |
* - Норматив 50 %-ке ұлғайтылды