"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңыныңт 37-бабына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағы 8-3) тармақшасына сәйкес, Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2019 жылға арналған орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. "Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулының "Казақстан Республикасы Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оны Петропавл қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау осы саланы басқаратын қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Б. Жумабеков |
Петропавл қаласы әкімдігінің 2019 жылғы_____________ №______қаулысына қосымша |
2019 жылға арналған орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
Атауы | Оқушылар саны | Айына бір оқушыға жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | |||||
Барлығы, оның ішінде: | 1-4 сыныптар | 5-9 сыныптар | 10-11 сыныптар | 1-4 сыныптар | 5-9 сыныптар | 10-11 сыныптар | |
"Қасиетті Сергий Радонежский құрметіндегі орта мектебі" жеке меншік мекемесі | 139 | 79 | 50 | 10 | 14904,5 | 19412,0 | 22741,0 |