Мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 125 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 8 мамырда № 5402 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 27 ақпандағы № 35 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы əкімдігінің 27.02.2020 № 35 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 бұйрығымен бекітілген Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14010 болып тіркелген), Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарының квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2018 жылғы 12 қаңтардағы №01 қаулысының күші жойылды деп танылсын (2018 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4560 болып тіркелген).

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әділет Департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Солтүстік Қазақстан облысы филиалына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберілсін;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Мадияров

  Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "___" _________№__ қаулысына қосымша

Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота

№ р/н

Ұйымдар атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота пайызы

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)

1

"Талшық Астық Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

70

2 %

1

2

"Ақ-Ниет-Агро и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

65

2%

1


Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Постановление акимата Акжарского района Северо-Казахстанской области от 8 мая 2019 года № 125. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 8 мая 2019 года № 5402. Утратило силу постановлением акимата Акжарского района Северо-Казахстанской области от 27 февраля 2020 года № 35

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Акжарского района Северо-Казахстанской области от 27.02.2020 № 35 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 6) статьи 9 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", подпунктом 1) статьи 31 Закона Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", Правилами квотирования рабочих мест для инвалидов, утвержденными приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 13 июня 2016 года №498 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для инвалидов", (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №14010), акимат Акжарского района Северо-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для инвалидов от численности рабочих мест без учета рабочих мест на тяжелых работах, работах с вредными, опасными условиями труда, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Признать утратившим силу постановление акимата Акжарского района Северо-Казахстанской области "Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов" от 12 января 2018 года №01 (опубликовано 31 января 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде, зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №4560).

      3. Коммунальному государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ акимата Акжарского района Северо-Казахстанской области" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в республиканском государственном учреждении "Департамент юстиции Северо-Казахстанской области Министерства юстиции Республики Казахстан";

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего постановления направить его копии в бумажном и электронном виде на государственном и русском языках в Северо-Казахстанский областной филиал Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Акжарского района Северо-Казахстанской области" после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Акжарского района Северо-Казахстанской области.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района Е. Мадьяров

  Приложение к постановлению акимата Акжарского района Северо-Казахстанской области от "___" ________ 2019 года №___

Квота рабочих мест для инвалидов от численности рабочих мест без учета рабочих мест на тяжелых работах, работах с вредными, опасными условиями труда

№ п/п

Наименование организаций

Количество рабочих мест

Процент квоты

Количество рабочих мест согласно установленной квоты (человек)

1

Товарищество с ограниченной ответственностью "Талшык Астык Агро"

70

2 %

1

2

Товарищество с ограниченной ответственностью "Ак-Ниет-Агро и К"

65

2%

1