Мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 27 ақпандағы № 35 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 наурызда № 6052 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 155 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 5.08.2021 № 155 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген), Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2019 жылғы 08 мамырдағы № 125 қаулысының күші жойылды деп танылсын (2019 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5402 болып тіркелген).

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әділет Департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақжар ауданының әкімі Е. Мадьяров

  Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 27 ақпаны № 35 қаулысына қосымша

Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептелмегенде, жұмыс орындары мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота

№ р/н

Ұйымдардың атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота пайызы

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны(адам)

1

"Талшық Астық Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

65

2 %

1

2

"Ақ-Ниет-Агро и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

55

2%

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады