Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 – бабы 8) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2019 жылғы 12 тамыздағы № 09-08/222 ұсынысы негізінде, Ломоносов ауылдық округі әкімінiң мiндетiн атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Ломоносов ауылдық округі Урожайный ауылының "Кужен" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгінің мал шаруашылығы фермасының аумағында ірі қара мал бруцеллезы ауыруының ошағын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Ломоносов ауылдық округі әкімі міндетін атқарушының "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Ломоносов ауылдық округі Урожайный ауылының "Кужен" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгінің мал шаруашылығы фермасының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2019 жылғы 22 мамырдағы № 15 шешімінің күші жойылды деп танылсын (2019 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық түрiндегi банкінде электрондық түрінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерiнің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5412 болып тіркелген).
3. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа еңгізіледі.
Ломоносов ауылдық округі әкімінiң мiндетiн атқарушы |
В. Барсуков |