Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Ломоносов ауылдық округі Урожайный ауылының "Кужен" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгінің мал шаруашылығы фермасының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Ломоносов ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 22 мамырдағы № 15 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 23 мамырда № 5412 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Ломоносов ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 10 қазандағы № 31 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Ломоносов ауылдық округі əкімінің 10.10.2019 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 09-09/37 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Ломоносов ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Ломоносов ауылдық округі Урожайный ауылының "Кужен" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгінің мал шаруашылығы фермасының аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының туындауына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімінiң
мiндетiн атқарушы
Г. Искакова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады