Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Алматы ауылдық округі əкімінің 12.12.2019 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңының 35 - бабы 2 - тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Есіл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2019 жылғы 21 маусымдағы № 10-11/74 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Алматы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Алматы ауылдық округі Жарқайың ауылының аумағында ірі қара малдар арасында бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | Л.Ботина |