Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Алматы ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 желтоқсанда № 5734 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 - бабының 2 - тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2019 жылғы 15 қарашадағы № 10-11/143 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Алматы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Алматы ауылдық округінің Жарқайың ауылы аумағынан ірі мүйізді қара мал бруцеллез ауруының ошағын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Алматы ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 17 шілдедегі № 4 (2019 жылғы 22 шілдеде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5475 болып тіркелді) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округі әкімінің
міндетін атқарушысы
М.Қыдыбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады