Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 11.03.2022 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) каулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31 - бабы 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 - бабы 2) тармақшасына, 139 - бабы 9 - тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 11.03.2022 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) каулысымен.2. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Жамбыл ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2016 жылғы 4 тамыздағы № 175 (2016 жылғы 9 қыркүйекте "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3886 болып тіркелген);
2) "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Жамбыл ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2016 жылғы 4 тамыздағы № 175 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2017 жылғы 3 тамыздағы № 183 (2017 жылғы 25 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4292 болып тіркелген).
3. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат" институты шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Солтүстік Қазақстан облысы филиалына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Жамбыл ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуына жауапкершілігі "Жамбыл ауданының экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 01 қаңтардан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таратылады.
Қаулысына қосымша | |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Жамбыл ауданы әкімдігінің | |
2019 жылғы 31 шілдедегі № 194 | |
қаулысына қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Ескерту. Тізбесі жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 11.03.2022 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.03.2024 № 82 (Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің) қаулыларымен.
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
2) мемлекеттік мекеменің біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маманы – әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
3) мемлекеттік мекеменің біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ маманы – арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
4) мемлекеттік мекеменің біліктілігі жоғары, орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ маманы - қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер, мүгедектігі бар балаларды және он сегіз жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдарды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының (директорының) орынбасары;
3) ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);
4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын әдістемелік кабинетінің, кітапханасының меңгерушісі (басшысы);
5) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы мамандары – аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдіскер (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші, режиссер, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
6) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар – аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдіскері (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші, редактор (негізгі қызметтер), режиссер, хореограф, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
7) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі орташа деңгейдегі мамандары – дыбыс операторы.