Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Жамбыл ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 тамыздағы N 175 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 31 тамызда N 3886 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 194 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 31.07.2019 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 03.08.2017 № 183 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабы 9-тармағына, сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, азаматтық қызметшілер болып табылатын және Жамбыл ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуына жауапкершілік "Жамбыл ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның бірінші рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ, 2016 жылдың 11 ақпанынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі И. Турков
      "КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл аудандық
мәслихатының хатшысы
2016 жылдың 04 тамызы
Б. Мұсабаев

  Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2016 жылдың 04 тамызындағы № 175 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Жамбыл ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың лауазымдары:

      аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысының орынбасары;

      аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның дәріханасының (дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің) меңгерушісі;

      барлық мамандықтағы дәрігерлер;

      мейірбике (мейіргер);

      провизор (фармацевт);

      психолог маманы;

      статистик;

      барлық мамандықтағы инженері;

      фельдшер;

      акушер;

      тіс дәрігері (дантист);

      тіс технигі (тіс протездеу бөлімшесінің, кабинетінің зертханашысы);

      зертханашы (медициналық);

      рентген зертханашысы;

      әлеуметтік қызметкер.

      2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

      аудан халқын жұмыспен қамту орталығының басшысы;

      аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

      әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші;

      әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

      арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      психоневрологиялық аурулары бар жасы 18-ден асқан мүгедек балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы.

      3. Білім беру саласындағы мамандардың лауазымдары:

      аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (шағын жиынтықты мектеп, мектепке дейінгі ұйымнан, әдістемелік, психологиялық-әдістемелік-педагогикалық консультация кабинеттерінен басқа);

      аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның (шағын жинақталған мектептен басқа) басшысының орынбасары;

      мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері;

      мұғалім-дифектолог (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог);

      мұғалім-логопед;

      бастапқы әсери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;

      педагог-психолог;

      дене тәрбиесі нұсқаушысы (негізгі қызметтердің);

      музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің);

      тәрбиелеуші;

      әлеуметтік педагог;

      тәлімгер;

      әдіскер (негізгі қызметтердің);

      мейірбике (мейіргер);

      диеталық мейірбике;

      кітапхана меңгерушісі;

      кітапханашы;

      аудармашы;

      әлеуметтік-талдаушы;

      зертханашы;

      логопед;

      психолог.

      4. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

      аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысының орынбасары;

      кітапханашы;

      редактор (негізгі қызметтер);

      режиссер;

      дыбыс режиссері;

      мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

      барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

      музыкалық жетекші;

      барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      хореограф;

      мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның әкімшілік – шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлімшенің жетекшісі.

      5. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:

      аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысының орынбасары;

      аудандық маңызы бар аға жаттықтырушы;

      жаттықтырушы;

      жаттықтырушы-оқытушы;

      нұсқаушы- спортшы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады