Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 38/4 "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2019 жылғы 24 қыркүйектегі № 39/1 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 қыркүйекте № 5578 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 27.12.2023 № 11/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 30 маусымдағы № 38/4 шешіміне (2015 жылғы 14 шілде "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3297 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      2-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "8) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      16-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "16. Әлеуметтік көмек осы Қағидалардың 3-қосымшасының 18) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз денсаулық сақтау мекемесінен анықтама мен тізімді ұсыну мен 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын көрсетіледі.";

      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

      "16-1. Әлеуметтік көмек осы Қағидалардың 3-қосымшасының 19) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз жол жүру құны мөлшерінде тоқсан сайын көрсетіледі.";

      қағидалардың 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын;

      3-қосымшасы мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:

      "19) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, оларға теңестірілген адамдардың, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген басқа да санаттағы адамдардың, сондай-ақ Семей ядролық сынақ полигоны аумағында зардап шеккен адамдардың, жалпы аурудың 1, 2, 3 топтағы мүгедектерінің, мүгедек балалардың, сондай-ақ мүгедек балаларды ертіп апарушы азаматтардың темір жол (плацкарт вагоны), жолаушылар автомобиль көлігімен (таксиден басқа) көрсетілген көлік құралдарының біреуінің ішінен, жіберу бекетінен Қазақстан Республикасы аумағы бойынша госпитальдеу орнына дейін және кері қайту жолын төлеуге мұқтаж болуы.".

      2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

  Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2019 жылғы "___" _______ № ___ шешіміне қосымша
  Жамбыл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 1 қосымша

Атаулы күндер мен мереке күндер тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі

р/б №

Әлеуметтік көмектің атаулы күндерінің, мереке күндерінің және алушылар санаттарының атауы

Әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі және мөлшері

1

2

3

15 ақпан – "Ауғанстан Демокатиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні"

1

Кеңестік Армияның, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметкерлері, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттер аумағында жауынгерлік әрекеттерге қатысқан бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басшы құрамдарына кірген тұлғалар (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса айтқанда); жауынгерлік әрекеттер жүргізілген тұста оқу жиындарына шақырылып, Ауғанстанға жіберілген әскери міндетті тұлғалар; жауынгерлік әрекеттер жүргізілген тұста Ауғанстанға жүк жеткізу үшін сол елге жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметкерлері; бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының аумағынан әскери тапсырмалармен Ауғанстанға ұшқан ұшқыштар құрамының әскери қызметкерлері; Ауғанстандағы кеңестік жауынгерлер құрамына қызмет көрсеткен, жарақат, жарымжандық, зақым алған немесе жауынгерлік әрекеттерді қамтамасыз етуге ат салысқаны үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталған жұмысшылар мен қызметшілер.

Жылына бір рет – он бес айлық есептік көрсеткіш

2

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезінде, басқа уақыттардағы өзге де әскери міндеттерін атқару барысында немесе майданда болуына байланысты ауыруы нәтижесінде, сондай-ақ жауынгерлік әрекеттер жүргізілген Ауғанстан немесе басқа да мемлекеттердегі әскери қызметін өтеу кезінде алынған жарақат, жарымжандық, зақым нәтижесінде мүгедектікке душар болған әскери қызметшілер.

Жылына бір рет – он бес айлық есептік көрсеткіш

3

Өзге елдерде әрекеттегі армияның жауынгерлер құрамына қызмет еткен және жауынгерлік әрекеттер кезеңінде жарақат, жарымжандық, зақым немесе ауру нәтижесінде мүгедектікке душар болған тиісті санаттың жұмысшылары мен қызметшілері.

Жылына бір рет – он бес айлық есептік көрсеткіш

4

Ауғанстандағы жауынгерлік әрекеттер кезінде немесе жауынгерлік әрекеттер орын алған өзге мемлекеттерде жарақат алу, жарымжандық, зақым, ауру нәтижесінде қаза тапқан (із-түзсіз жоғалған) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары.

Жылына бір рет – он бес айлық есептік көрсеткіш

5

1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға және жауынгерлік әрекеттер жүргізілген басқа да елдерге жұмыс істеу үшін барған жұмысшылар мен қызметшілер.

Жылына бір рет – он бес айлық есептік көрсеткіш

6

Ауғанстан аумағында уақытша болған және совет әскерлерінің шектелген контингенті құрамына енбеген, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының мемлекеттік қауіпсіздік Комитетінің жұмысшылары мен қызметшілері.

Жылына бір рет - он бес айлық есептік көрсеткіш

8 наурыз – "Халықаралық әйелдер күні"

1

"Алтын алқамен", "Күміс алқамен", I және II дәрежелі "Ана Даңқы" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған көп балалы аналар. 

Жылына бір рет – бес айлық есептік көрсеткіш

26 сәуір – "Чернобыль атом электр станциясындағы апатты еске алу күні"

1

1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясы және басқа да азаматтық немесе әскери мақсаттағы нысандардағы радиациялық апаттар мен қатерлі жағдайлар салдарын жоюға, сондай-ақ ядролық қаруды сынақтан өткізу мен оқуларға тікелей қатысқан тұлғалар.

Жылына бір рет – он бес айлық есептік көрсеткіш

2

Чернобыль атом электр станциясы апаты және азаматтық немесе әскери мақсаттағы нысандардағы басқа да радиациялық апаттар мен қатерлі жағдайлардың, ядролық қаруды сынақтан өткізу салдарынан мүгедек болған тұлғалар, және ата-анасының біреуінің радиациялық сәуле алуына байланысты мүгедектігі генетикалық тұрғыда болған олардың балалары.

Жылына бір рет – он бес айлық есептік көрсеткіш

3

Чернобыль атом электр станциясы және азаматтық немесе әскери мақсаттағы нысандардағы басқа да радиациялық апаттар мен қатерлі жағдайлар салдарын жою кезінде қазаға ұшыраған тұлғалардың отбасылары.

Жылына бір рет – он бес айлық есептік көрсеткіш

4

Сәуле ауруы салдарынан қайтыс болған тұлғалардың немесе қайтыс болған мүгедектердің, сондай-ақ қазасы белгіленген тәртіпте Чернобыль атом электр станциясы немесе азаматтық немесе әскери мақсаттағы нысандардағы басқа да радиациялық апаттар мен қатерлі жағдайлардың, ядролық қаруды сынақтан өткізудің әсерімен байланысты азаматтардың отбасылары.

Жылына бір рет – он бес айлық есептік көрсеткіш

5

1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясы апаты салдарын жоюға қатысушылар қатарындағы оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына эвакуацияланған (өздігінен кеткен) тұлғалар, эвакуацияланған күні құрсақта жатқан балаларын қоса айтқанда.

Жылына бір рет – он бес айлық есептік көрсеткіш

7 мамыр – "Отан қорғаушылар күні"

1

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Қорғаныс министрлiгiне, iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарына әскери мiндетiн өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасылары.

Жылына бір рет – бес айлық есептік көрсеткіш

2

Бейбіт уақытта әскери қызметін өтеу кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметкерлердің отбасылары.

Жылына бір рет – бес айлық есептік көрсеткіш

9 мамыр – "Жеңіс күні"

1

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері.

Жылына бір рет – жүз айлық есептік көрсеткіш

2

Әскери қызметкерлер, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамында болған, Ұлы Отан соғысы кезінде қалаларда қызмет етіп, оларды қорғауға қатысқаны 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін әрекеттегі армия бөлімшелерінің әскери қызметкерлері үшін белгіленген жеңілдетілген жағдайларда зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарға есептелген тұлғалар.

Жылына бір рет – бес айлық есептік көрсеткіш

3

Кеңестік Армия, Әскери-Теңіз флоты, жасақтар және Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының ерікті жалдамалы құрамдарына кірген, Ұлы Отан соғысы кезінде әрекеттегі армияның құрамындағы әскери бөлімшелерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымы болған тұлғалар, немесе осы кезеңде қалаларда қызмет етіп, оларды қорғауға қатысқаны 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін әрекеттегі армия бөлімшелерінің әскери қызметкерлері үшін белгіленген жеңілдетілген жағдайларда зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарға есептелген тұлғалар.

Жылына бір рет – бес айлық есептік көрсеткіш

4

Ұлы Отан соғысы кезінде полк баласы (тәрбиеленушісі) және юнгалар ретінде әрекеттегі армия мен флот құрамындағы бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында болған тұлғалар.

Жылына бір рет – бес айлық есептік көрсеткіш

5

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шетелдер аумақтарында партизан отрядтары, астыртын топтар және өзге де фашизмге қарсы құрамалар құрамында фашистік Германияға және оның одақтастарына қарсы жауынгерлік әрекеттерге қатысқан тұлғалар.

Жылына бір рет – бес айлық есептік көрсеткіш

6

Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың жедел іс-қимыл жасау аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бастапқы кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелері.

Жылына бір рет – бес айлық есептік көрсеткіш

7

Блокада кезінде Ленинград қаласындағы кәсіпорындарда, қала мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтар.

Жылына бір рет – бес айлық есептік көрсеткіш

8

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер және олардың одақтастары құрған концлагерьлер, гетто және басқа да ықтиярсыз ұстау орындарының бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары.

Жылына бір рет – бес айлық есептік көрсеткіш

9

Қызмет бабындағы міндеттерін өтеу барысында жарақат, жарымжандық, зақым алу немесе майданда болуына немесе жауынгерлік әрекеттер жүргізілген мемлекеттерде қызмет бабындағы міндеттерін атқаруына байланысты ауыруы нәтижесінде мүгедектікке душар болған бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдары мен ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамдары құрамындағы тұлғалар.

Жылына бір рет – бес айлық есептік көрсеткіш

10

1944 жылғы 1 қаңтардан 1951 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде Украина Кеңестік Социалистік Республикасы, Белорус Кеңестік Социалистік Республикасы, Литва Кеңестік Социалистік Республикасы, Латвия Кеңестік Социалистік Республикасы, Эстония Кеңестік Социалистік Республикасы аумақтарында әрекет еткен жойғыш батальондар, взводтар мен халықты қорғау отрядтарының жауынгерлері мен командалық құрамдарында болған және осы батальондарда, взводтар мен отрядтарда қызмет бабындағы міндеттерін өтеу кезінде жарақат, жарымжандық немесе зақым алу салдарынан мүгедектікке душар болған тұлғалар.

Жылына бір рет – бес айлық есептік көрсеткіш

11

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе қорғанысының объектiлердi өзiн-өзi қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасы, Ленинград қаласының госпитальдерi мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердiң отбасы.

Жылына бір рет – бес айлық есептік көрсеткіш

12

Қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің зайыптары (жұбайлары), сонымен қатар жалпы ауруы, еңбек жарақаты және басқа да себептер нәтижесінде (құқыққа қайшы себептерді қоспағанда) мүгедек деп танылған қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын жұмыс істеушілердің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтардың екінші қайтара некеге тұрмаған зайыптары (жұбайлары).

Жылына бір рет – бес айлық есептік көрсеткіш

13

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы ерен еңбегі мен мүлтіксіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғалар.

Жылына бір рет – бес айлық есептік көрсеткіш

31 мамыр – "Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні"

1

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының аумағында саяси қуғын-сүргінге тікелей ұшыраған және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын тұлғалар.

Жылына бір рет – он бес айлық есептік көрсеткіш

2

Қазақстан Республикасының қазiргi аумағында өздерiне қуғын-сүргiндер қолданылғанға дейiн тұрақты өмiр сүрген адамдар мына төмендегi:
1) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағынан тысқары жерлерде қуғын-сүргiндердi кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануы;
2) екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде (жай адамдар мен әскери қызметшiлердi) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыптауы;
3) Қазақстаннан тысқары жерлерде әскери қызмет атқару үшiн шақырылғаннан кейiн қуғын-сүргiндердiң қолдануы;
4) қуғын-сүргiндердi орталық одақтық органдар: Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Жоғарғы Соты мен оның сот алқаларының, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Айрықша бас саяси Басқарма алқасының, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Iшкi iстер халық комиссариаты - Мемлекет Қауiпсiздiгi министрлiгi - Iшкi iстер министрлiгi жанындағы айрықша кеңестiң, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Прокуратурасы мен Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының iшкi iстер халық комиссариатының Тергеу Iстерi жөнiндегi комиссиясының және басқа органдар шешiмдерi бойынша қолдануы;
5) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндердің қолданылуы жағдайларында танылады

Жылына бір рет – он бес айлық есептік көрсеткіш

3

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы мемлекеттiк өкiметтiң жоғары органдарының құжаттары негiзiнде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдар.

Жылына бір рет – он бес айлық есептік көрсеткіш

4

Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бiрге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы ңоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргiн кезiнде он сегiз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесiнде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары.

Жылына бір рет – жеті айлық есептік көрсеткіш

30 тамыз – "Қазақстан Республикасының Конституциясы күні"

1

Қазақстан Республикасына ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесіне ие зейнеткерлер, облыстық (қаланың, ауданның) құрметті азаматтары.

Жылына бір рет – он айлық есептік көрсеткіш

2

"Алтын алқамен", "Күміс алқамен", I және II дәрежелі "Ана Даңқы" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған көп балалы аналар. 

Жылына бір рет – он айлық есептік көрсеткіш

3

Бiрге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары, оның iшiнде жалпы орта білiм беретiн, жоғары және орта кәсiптiк оқу орындарында күндiзгi оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасыларға, балалар кәмелеттiк жасқа толғаннан кейiн олар оқу орнын бiтiретiн уақытқа дейiн (бiрақ әрi дегенде 23 жасқа толғанға дейiн).

Жылына бір рет – он айлық есептік көрсеткіш


О внесении изменений и дополнений в решение маслихата Жамбылского района Северо-Казахстанской области от 30 июня 2015 года № 38/4 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Жамбылского района Северо-Казахстанской области"

Решение маслихата Жамбылского района Северо-Казахстанской области от 24 сентября 2019 года № 39/1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 25 сентября 2019 года № 5578. Утратило силу решением маслихата Жамбылского района Северо-Казахстанской области от 27 декабря 2023 года № 11/4

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Жамбылского района Северо-Казахстанской области от 27.12.2023 № 11/4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", маслихат Жамбылского района Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата Жамбылского района Северо-Казахстанской области "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Жамбылского района Северо-Казахстанской области" от 30 июня 2015 года № 38/4 (опубликовано 14 июля 2015 года в информационно-правовой системе Нормативных правовых актах Республики Казахстан "Әділет", зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3297), следующие изменения и дополнения:

      В Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Жамбылского района Северо-Казахстанской области, утвержденных указанным решением (далее - Правила):

      подпункт 8) пункта 2 изложить в новой редакции:

      "8) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее - Государственная корпорация) - юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий и услуг субъектов квазигосударственного сектора в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий, услуг субъектов квазигосударственного сектора и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме, осуществляющее государственную регистрацию прав на недвижимое имущество по месту его нахождения;";

      пункт 16 изложить в новой редакции:

      "16. Социальная помощь по основанию, указанного в подпункте 18) приложения 3 к настоящим Правилам предоставляется ежемесячно в размере 5 (пяти) месячных расчетных показателей, без учета доходов по предъявлению справки и списка из учреждения здравоохранения.";

      дополнить пунктом 16-1 следующего содержания:

      "16-1. Социальная помощь по основанию, указанному в подпункте 19) приложения 3 к настоящим Правилам предоставляется ежеквартально без учета доходов в размере стоимости проезда.";

      приложение 1 к Правилам изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению;

      приложение 3 дополнить подпунктом 19) следующего содержания:

      "19) нуждаемость участников и инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним, другие категории лиц, приравненным по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, а также лиц, пострадавшим в зоне Семипалатинского ядерного полигона, инвалидов 1, 2, 3 групп от общего заболевания, детей-инвалидов, а также граждан, сопровождающих детей-инвалидов, в проезде железнодорожным (плацкартный вагон), автомобильным пассажирским транспортом (кроме такси) от станции отправления одного из видов указанных транспортных средств до места госпитализации и обратно по территории Республики Казахстан.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

  Приложение к решению маслихата Жамбылского района Северо-Казахстанской области от "___" _______ 2019 года № __
  Приложение 1 к Правилам оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Жамбылского района

Перечень памятных дат и праздничных дней, а также кратность оказания социальной помощи

№ п/п

Наименование памятных дат, праздничных дней и категорий получателей социальной помощи

Кратность и размер оказания социальной помощи

"День вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан" – 15 февраля

1

Военнослужащие Советской Армии, Военно-Морского флота, Комитета государственной безопасности, лица рядового и начальствующего состава Министерства внутренних дел бывшего Союза Советских Социалистических Республик (включая военных специалистов и советников), которые в соответствии с решениями правительственных органов бывшего Союза Советских Социалистических Республик принимали участие в боевых действиях на территории других государств; военнообязанные, призывавшиеся на учебные сборы и направлявшиеся в Афганистан в период ведения боевых действий; военнослужащие автомобильных батальонов, направлявшиеся в Афганистан для доставки грузов в эту страну в период ведения боевых действий; военнослужащие летного состава, совершавшие вылеты на боевые задания в Афганистан с территории бывшего Союза Советских Социалистических Республик; рабочие и служащие, обслуживающие советский воинский контингент в Афганистане, получившие ранения, контузии или увечья, либо награжденные орденами и медалями бывшего Союза Советских Социалистических Республик за участие в обеспечении боевых действий.

Один раз в год пятнадцать месячных расчетных показателей

2

Военнослужащие, ставшие инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья, полученные при защите бывшего Союза Советских Социалистических Республик, при исполнении иных обязанностей войной службы в другие периоды или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте, а также при прохождении военной службы в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия.

Один раз в год пятнадцать месячных расчетных показателей

3

Рабочие и служащие соответствующих категорий, обслуживавшие действующие воинские контингенты других стран и ставшие инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья либо заболевания, полученных в период ведения боевых действий.

Один раз в год пятнадцать месячных расчетных показателей

4

Семьи военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане или в других государствах, в которых велись боевые действия.

Один раз в год пятнадцать месячных расчетных показателей

5

Рабочие и служащие, направлявшиеся на работу в Афганистан в период с 1 декабря 1979 года по декабрь 1989 года и в другие страны, в которых велись боевые действия.

Один раз в год пятнадцать месячных расчетных показателей

6

Рабочие и служащие Комитета государственной безопасности бывшего Союза Советских Социалистических Республик, временно находившиеся на территории Афганистана и не входившие в состав ограниченного контингента советских войск.

Один раз в год пятнадцать месячных расчетных показателей

"Международный женский день" – 8 марта

1

Многодетные матери, награжденные подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа", орденами "Материнская Слава" I, II степени или ранее получивших звание "Мать-Героиня".

Один раз в год пять месячных расчетных показателей

"День памяти аварии на Чернобыльской атомной электростанции" – 26 апреля

1

Лица, принимавшие участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1986-1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшие непосредственно в ядерных испытаниях и учениях.

Один раз в год пятнадцать месячных расчетных показателей

2

Лица, ставшие инвалидами вследствие катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, испытания ядерного оружия, и их дети, инвалидность которых генетически связана с радиационным облучением одного из родителей.

Один раз в год пятнадцать месячных расчетных показателей

3

Семьи лиц, погибших при ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения.

Один раз в год пятнадцать месячных расчетных показателей

4

Семьи умерших вследствие лучевой болезни или умерших инвалидов, а также граждан, смерть которых в установленном порядке связана с воздействием катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского и военного назначения и ядерных испытаний.

Один раз в год пятнадцать месячных расчетных показателей

5

Лица из числа участников ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1988-1989 годах, эвакуированных (самостоятельно выехавших) из зон отчуждения и отселения в Республику Казахстан, включая детей, которые на день эвакуации находились во внутриутробном состоянии.

Один раз в год пятнадцать месячных расчетных показателей

"День защитника Отечества" – 7 мая

1

Семьи военнослужащих, лиц начальствующего и рядового состава, призванных на сборы военнообязанных Министерства обороны, органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза Советских Социалистических Республик, погибших (умерших) во время выполнения задач по охране общественного порядка при чрезвычайных обстоятельствах, связанных с антиобщественными проявлениями.

Один раз в год пять месячных расчетных показателей

2

Семьи военнослужащих, погибших (умерших) при прохождении воинской службы в мирное время.

Один раз в год пять месячных расчетных показателей

"День Победы" – 9 мая

1

Участники и инвалиды Великой Отечественной войны.

Один раз в год сто месячных расчетных показателей

2

Военнослужащие, а также лица начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза Советских Социалистических Республик, проходившие в период Великой Отечественной войны службу в городах, участие в обороне которых засчитывалось до 1 января 1998 года в выслугу лет для назначения пенсии на льготных условиях, установленных для военнослужащих частей действующей армии.

Один раз в год пять месячных расчетных показателей

3

Лица вольнонаемного состава Советской Армии, Военно-Морского Флота, войск и органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза Советских Социалистических Республик, занимавшие штатные должности в воинских частях, штабах, учреждениях, входивших в состав действующей армии в период Великой Отечественной войны, либо находившиеся в соответствующие периоды в городах, участие в обороне которых засчитывалось до 1 января 1998 года в выслугу лет для назначения пенсии на льготных условиях, установленных для военнослужащих частей действующей армии.

Один раз в год пять месячных расчетных показателей

4

Лица, которые в период Великой Отечественной войны находились в составе частей, штабов и учреждений, входивших в состав действующей армии и флота в качестве сыновей (воспитанников) полков и юнг.

Один раз в год пять месячных расчетных показателей

5

Лица, принимавшие участие в боевых действиях против фашистской Германии и ее союзников в годы второй мировой войны на территории зарубежных стран в составе партизанских отрядов, подпольных групп и других антифашистских формирований.

Один раз в год пять месячных расчетных показателей

6

Работники спецформирований Народного комиссариата путей сообщения, Народного комиссариата связи, плавающего состава промысловых и транспортных судов и летно-подъемного состава авиации, Народного комиссариата рыбной промышленности бывшего Союза Советских Социалистических Республик, Морского и речного флота, летно-подъемного состава Главного северного морского пути, переведенные в период Великой Отечественной войны на положение военнослужащих и выполнявшие задачи в интересах действующей армии и флота в пределах тыловых границ действующих фронтов, оперативных зон флотов, а также члены экипажей судов транспортного флота, интернированных в начале Великой Отечественной войны в портах других государств.

Один раз в год пять месячных расчетных показателей

7

Граждане, работающие в период блокады в городе Ленинграде на предприятиях, в учреждениях и организациях города и награжденные медалью "За оборону Ленинграда" и знаком "Житель блокадного Ленинграда".

Один раз в год пять месячных расчетных показателей

8

Бывшие несовершеннолетние узники концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период второй мировой войны.

Один раз в год пять месячных расчетных показателей

9

Лица начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза Советских Социалистических Республик, ставшие инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при исполнении служебных обязанностей, либо вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте или выполнением служебных обязанностей в государствах, где велись боевые действия.

Один раз в год пять месячных расчетных показателей

10

Лица из числа бойцов и командного состава истребительных батальонов, взводов и отрядов защиты народа, действовавших в период с 1 января 1944 года по 31 декабря 1951 года на территории Украинской Советской Социалистической Республик, Белорусской Советской Социалистической Республик, Литовской Советской Социалистической Республик, Латвийской Советской Социалистической Республик, Эстонской Советской Социалистической Республик, ставшие инвалидами вследствие ранения, контузии или увечья, полученных при исполнении служебных обязанностей в этих батальонах, взводах, отрядах.

Один раз в год пять месячных расчетных показателей

11

Семьи погибших в Великую Отечественную войну лиц из числа личного состава групп самозащиты объектовых и аварийных команд местной противовоздушной обороны, семьи погибших работников госпиталей и больниц города Ленинграда.

Один раз в год пять месячных расчетных показателей

12

Жены (мужья) умерших инвалидов войны и приравненных к ним инвалидов, а также жены (мужья) умерших участников войны, партизан, подпольщиков, граждан, награжденных медалью "За оборону Ленинграда" и знаком "Житель блокадного Ленинграда", признававшихся инвалидами в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступили в другой брак.

Один раз в год пять месячных расчетных показателей

13

Лица, награжденные орденами и медалями бывшего Союза Советских Социалистических Республик за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны.

Один раз в год пять месячных расчетных показателей

"День памяти жертв политических репрессий и голода" – 31 мая

1

Лица, непосредственно подвергавшиеся политическим репрессиям на территории бывшего Союза Советских Социалистических Республик и в настоящее время являющихся гражданами Республики Казахстан.

Один раз в год пятнадцать месячных расчетных показателей

2

Лица, постоянно проживавшие до применения к ним репрессий на территории, ныне составляющей территорию Республики Казахстан, в случаях:
1) применения репрессий советскими судами и другими органами за пределами бывшего Союза Советских Социалистических Республик;
2) осуждения военными трибуналами действующей армии во время второй мировой войны (гражданских лиц и военнослужащих);
3) применения репрессий после призыва для прохождения воинской службы за пределы Казахстана;
4) применения репрессий по решениям центральных союзных органов: Верховного Суда Союза Советских Социалистических Республик и его судебных коллегий, коллегии Объединенного государственного политического управления Союза Советских Социалистических Республик, особого совещания при Народный Комиссариат Внутренних Дел-Министерства Государственной Безопасности-Министерства Внутренних Дел Союза Советских Социалистических Республик, Комиссии Прокуратуры Союза Советских Социалистических Республик и Народный Комиссариат Внутренних Дел Союза Советских Социалистических Республик по следственным делам и других органов;
5) применения репрессий за участие в событиях 17-18 декабря 1986 года в Казахстане, за исключением лиц, осужденных за совершение умышленных убийств и посягательство на жизнь работника милиции, народного дружинника в этих событиях, в отношении которых сохраняется действующий порядок пересмотра уголовных дел.

Один раз в год пятнадцать месячных расчетных показателей

3

Лица, подвергшиеся насильственному противоправному переселению в Казахстан и из Казахстана на основании актов высших органов государственной власти Союза Советских Социалистических Республик.

Один раз в год пятнадцать месячных расчетных показателей

4

Дети жертв политических репрессий, находившиеся вместе с родителями или заменявшими их лицами в местах лишения свободы, в ссылке, высылке или на специальных поселении, а также дети жертв политических репрессий, не достигшие восемнадцатилетнего возраста на момент репрессии и в результате ее применения оставшиеся без родительского попечения.

Один раз в год семь месячных расчетных показателя

"День Конституции Республики Казахстан" – 30 августа

1

Лица, которым назначены пенсии за особые заслуги перед Республикой Казахстан, пенсионеры, имеющие статус персонального пенсионера областного значения, почетные граждане области (города, района).

Один раз в год десять месячных расчетных показателей

2

Многодетные матери, награжденные подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа", орденами "Материнская слава" I и II степени или ранее получивших звание "Мать-Героиня".

Один раз в год пять месячных расчетных показателей

3

Многодетные семьи, имеющие четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей, в том числе детей, обучающихся в средних общеобразовательных, высших и средних профессиональных учебных заведениях очной формы обучения, после достижения ими совершеннолетия до времени окончания ими учебных заведений (но не более чем до достижения 23-летнего возраста).

Один раз в год пять месячных расчетных показателей