Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресноредуть ауылдық округі əкімінің 25.09.2019 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылдың 11 қаңтарындағы №11-13\2 ұсынысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресноредуть ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресноредуть ауылдық округі Ястребинка ауылы Озерный көшесі аумағына ірі мүйізді малдың бруцеллез ауруының туындауына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | Б.Қайыров |