Шектеу іс - шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресноредуть ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 25 қыркүйектегі № 6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 қыркүйекте № 5586 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 – 1 – бабы 8) тармақшасына сәйкес, Жамбыл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2019 жылғы 09 тамыздағы № 11 – 13/60 ұсынысы негізінде, Пресноредуть ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресноредуть ауылдық округі Ястребинка ауылы Озерный көшесі аумағында ірі мүйізді малдың арасындағы ауруының жойылуына байланысты, шектеу іс – шаралары тоқтатылсын.

      2. Пресноредуть ауылдық округі әкімінің "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресноредуть ауылдық округі Ястребинка ауылы Озерный көшесі аумагына шектеу іс – шараларын белгілеу туралы" 2019 жылғы 14 наурыздағы № 3 шешімінің (2019 жылғы 09 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5270 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындауын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

      Пресноредуть ауылдық
округінің әкімі
Б.Қайыров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады