Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 19.04.2021 № 159 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 65-бабы 3 тармағына, "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) бекітілген, мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау Қағидаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Тайынша ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 385 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 14 желтоқсанында жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4395 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
қөрсетілген қаулының 1 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | И. Турков |
Тайынша ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "28" наурыздағы № 108 қаулысына қосымша | |
Тайынша ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "14" қарашадағы №385 қаулысына 1-қосымша |
Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеген ұйымдардың тізімі
Ұйымның атауы | Жұмыс орындарының саны | Квота пайызы | Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам) |
"Агрофирма Эксимнан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 187 | 3 % | 6 |
"Победа-Тайынша" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 93 | 2 % | 2 |